Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Тұсау кесер бата - өз сөзімен
 

Тұсау кесу – балаңның алғашқы қадамына басшылық ететін, Бұл сәттің маңызы зор, оны біз құрметпен еске аламыз, жетектейтін. Алдыңа жатқан өмір жолын айқын бағдармен кесіп өт, Әр қадамың береке, үміт, махаббатқа толы болсын, жетістікке жет.

Ақ жол болсын, балақай, сенің барлық бастамаң, Қадамың берік, сенімді болсын, алға басқан сайын. Жолыңда кездесетін қиындықтарды жеңіп шығуға күш сенде жатсын, Әрбір жетістігің үлкен қуанышпен тойлансын, шаттыққа батсын.

Бата береміз бүгін саған, жарқын болашақ жолыңда, Біліммен, даналықпен, сүйіспеншілікпен өрілген болсын ол да. Өмірдің барлық түрлі сынақтарынан абыроймен өт, Әрбір асқан кедергі сен үшін тек биіктікке жету үшін бір саты болсын кеп.

Қоршаған ортаңа мейірімді, көмек қолын созуға дайын бол, Әрқашан адалдықты, шынайылықты өзіңнің ар-ожданыңа орнықтыр. Құтты болсын тұсау кесер тойың, алға қадам жаса батыл, Бақыт пен сәттілік жолдас болсын, жетістікке жетелесін сені үміт пен арман.

 
 
 
Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки, өзіңді сына да.
Секірсең құздардан сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасын түріңде,
Ұзақ боп ИншаАллаһ өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқырап семсердей сенімің.
Әумин

 

О, халайық, қол жайып,
Той тілеуін қолдайық.
Мұсылманның заңдарын,
Барша ағайын қорғайық.Тоқ ішек пен ала жіп,
Жасыл шөппен жарасып,
Үш түрменен кесейік,
Тұсауды біз санасып.

 

Тәй-тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын балаңыз,
Мыңнан озып жүретін.

Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.

Бүлдіршінім танып ал,
Көп тлеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.

Қызықтарың халайық,
Той думан ғып тарайық,
Балақайым өссе екен,
Ел жұртына лайық.
Әмин, қабыл болсын!

 

Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
 
 
 

Тұсау кесер

Тұсауың кесілді құлама,
Тізенді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Қанеки, өзінді сына да.
Секірсең құздардан сүрінбе,
Шың-құзға шыққанша бүгілме,
Болаттай қабырғаң қатайсын.
От ұшқын ойнасын түріңде.
Ұзақ боп, иншалла, өмірің.
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқырап семсердей сенімің.
Әумин

 

 

ТОЙ-ҚАЗЫНА КІТАБЫНАН ТҰСАУ КЕСЕРГЕ

 


Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.

 

 

 

Тусаукесер батасы

 


Бакытбай Сеитов

Бір кадам, екі кадам жаса балам.
Келді гой енді міне жаска балам.
Омірде ар кадам кутты болсын,
Ешкімнін ала жібін баспа балам.Ала жібін жалганнын естік бугін
Кошакан тусауынды кестік бугін
Колды жай агайын бір кісідей,
Кутты кадам балага дестік бугін.

Кут кадам тілейміз булдіршінге
Екі басып,бір кулап кулдірсін де
Омірде куламасын дурыс журіп,
Халкына адал болып ар ісінде.


Тусау кесер апасы кутты болсын
Ботакан кадамын мыкты болсын
Тілеуі тустардын кабыл болып,
Анасы  бауырына жукті болсын.

 

 

Баланың тұсауын кесуге арналған бата

 


Кесілді, балам, тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас.
Биік болып ұшарың
Асқарлармен қанаттас.
Қасың құрар айла мың —
Қапылыста сурінбе.
Жалтан құшақ жайтанның
Пышағына ілінбе.

 

 

Тұсау кесер батасы

Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.

 

 

 

 

Тұсау кесерге бата

О, халайық, қол жайып,
Той тілеуін қолдайық.
Мұсылманның заңдарын,
Барша ағайын қорғайық.
Тоқ ішек пен ала жіп,
Жасыл шөппен жарасып,
Үш түрменен кесейік,
Тұсауды біз санасып.
Тәй-тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын балаңыз,
Мыңнан озып жүретін.
Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.
Бүлдіршінім танып ал,
Көп тлеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.
Қызықтарың халайық,
Той думан ғып тарайық,
Балақайым өссе екен,
Ел жұртына лайық.
Әмин, қабыл болсын!

 

 

 

Қадірлі меймандар! Асыл ағайындар!
Тәй-тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!

*** *** *** ***

Бүгін алтын баламыздың тұсауы кесілді, күрмеуі шешілді. Болашағына қадам басты, сол қадамды кішкентай бір адам басты.
Өмір жолы жарқын болсын, қуанышқа бар күн толсын! Көзінен жас ақпасын, удың дәмін татпасын! Батпақтарға батпасын, елін-жұртын мақтасын! Сүрінбесін – әрдайым осылай мен зарлайын! Басына бақ орнасын, Қыдыр оны қолдасын!

*** *** *** ***

Құрметті қонақтар! Ағайын-туыс, бауырлар!
Бүгін тұсауы кесілген азаматымыздың дені сау болып, ата-анасына қуаныш пен бақыт сыйласын. Өмірде сүрінбесін. Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін!

*** *** *** ***

Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі нұрға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! Сүрінбей алға ұмтылсын, жолын кесіп кім тұрсын! Бақ әкелсін бәріңе – жасы менен кәріңе!

*** *** *** ***

Ананың тілегі

Оқуда зерек бол, ұйқыда сергек бол!
Істе шебер бол, тұйықта көсем бол!
Ойда мәнді бол, тойда сәнді бол!
Үлкенге тең бол, кішіге кең бол!
Ел үшін жауыр бол, жақсыға бауыр бол!
Достарың сүйінсін, дұшпаның күйінсін!
Құлқынға елікпе, мақтанға желікпе!

*** *** *** ***

Әкенің тілегі

Ескен желдей жүйрік бол,
Қарағайдай сүйрік бол!
Өз ісіңе берік бол,
Ата-анаңа серік бол!
Үкідей үлпілдеп тұр,
Жорғадай бүлкілдеп жүр!
Шаршамай шарықтағын,
Ешқашан тарықпағын!
Жолың ашық болсын,
Алдың нәсіп болсын!
Достарың көбейсін:
Доссыз – кедейсің!
Кедергінің кесірі тимесін,
Жақсылық ісің күймесін!
Адымың алға ғана сүйресін.

*** *** *** ***

Ата айтар бір тілек

Еліңе ырыс-құт орнасын,
Жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек аянның құрбаны болма,
Озбырлардың шұлғауы болма!
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын –
Жігіттің сұлтаны атанып,
Өнерің сегіз қырлы болсын!

*** *** *** ***

Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік-сахнадан.

Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.

Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.

*** *** *** ***

Тәй-тәй басқан кішкентайымыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын! Өмір жолы ақ, түзу болсын! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін! Өмірі нұрға, көңілі жырға бөленіп жүрсін!

Кішкентай адамның басқан қадамы құтты болсын! арайлап атқан әр таңы қуанышқа толы болсын! Көзінен жас ақпасын, жамандықтың дәмін татпасын! Қадамын сүрінбей басып, тек қана алға ұмтылсын, басына бақ орнасын, Қыдыр қолдасын!

*** *** *** ***

Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки өзіңді сына да
Секірсең құздардан сүрінбе
Шыңдарға   шыққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасың түгіңде.
Ұзақ боп Иншалла өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.

*** *** *** ***

Кесілді балам тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас!
Биік болып ұшарсың,
Асқарлармен қанаттас.

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама