Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Түстер әлемі
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика, Құрастыру
Тақырыбы: «Түстер әлемі»
Мақсаты:
Сөздік жұмыс: түстер
Билингвальды сыңары: қызыл - красный, сары - желтый, жасыл - зеленый.
Заттық дамыту ортасы: қыстырғыштар, түрлі - түсті қақпақтар, дидактикалық материалдар.
Мотивациялық қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Ұйымдастырушылық - ізденістік:
- Балалар, мұнда бір қорапша тұр екен, оның ішінде не бар екен, қанекей ашып көрейікші. (қорапшаны ашу, ішінен түрлі - түсті шарлар шығады)
- Ой балалар, мұнда түрлі - түсті шарлар бар екен, қанекей шарлардың түстерін атап жіберейікші. (балалар шарардың түстерін атайды)
- Жарайсыңдар, балалар бізді бүгін осы түстер әлемі қонаққа шақырыпты, түстер әлеміне барғыларың келеді ме?
- Иә.
- Олай болса, көзімізді жұмып, сиқырлы сөздерімізді айтайық:
Бір, екі, үш,
Түстер әлеміне түс!
Музыка әуенімен Еркетай қыз кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, түстер әлеміне қош келдіңдер. Мен түстер әлемінің Еркетайымын. Мен сендерге әр түске байланысты тапсырмалар дайындадым. Егер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сендеге сыйлық дайындап қойдым.
- Балалар, Еркетайдың тапсырмаларын орындаймыз ба?
- Иә.
1 тапсырма. Сары түс.
Жұмбақ
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
Ойын тапсырма: «Күннің шуақтары»
Шарты: қыстырғыштармен күнге шуақтарын жасау.
- Жарайсыңдар, балалар сендер сары түстің тапсырмасын орындадыңдар.
2 тапсырма Қызыл түс
 
Ойын тапсырма: «Көйлектер»
Шарты: қақпақтарды көйлек түстеріне қарай орналастырады.
- Балалар, мұнда біз Еркетай қыздың көйлегін сәндеп берейік.
Сергіту жаттығуы
3 тапсырма. Жасыл түс
Ойын тапсырма: «Ойлан да, тап»
Шарты: суретте бейнеленген жануарлардың бейнелерін тауып орналастыру.
- Балалар, бізге Еркетай қыз өзінің қуыршақтарын киіндіруге көмек сұрап тұр, көмектесеміз бе?
- Иә.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір»
Шарты: түймелеу, бау байлау, сыдыртпа тарту арқылы қуыршақты киіндіру.
- Жарайсыңдар балалар, сендер менің тапсырмаларымның барлығын дұрыс орындадыңдар. Енді мен өзімнің сендерге дайындаған сыйлығымды берейін, алдымен сендер көздеріңді жұмып үшке дейін санаңдар.
Балалар 1ден 3ке дейін санайды.
Еркетай сыйлығын береді.
- Балалар, біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды. Еркетай қызбен қоштасайық.
Сиқырлы сөздерді айтып балабақшаға оралу.
Сұрақ - жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Балаларды мақтап, мадақтау.
 

Жамбыл облысы Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Кеңесова Ботагөз Бауыржанқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама