Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тиін туралы
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тиін 45, 47 - жаттығу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтінді оқи отырып, мазмұнын түсініп айтуға, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге дағдыландыру. Сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, берілген сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнекілігі: суреттер, парақшалар, ойындар
Түрі: аралас

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз. Олай болса, балалар көңіл күйіміз қалай? Керемет. Сабаққа дайынбыз ба?
Өткен сабақты «Алға, алға» ойыны арқылы еске түсіру.
а) Мысалға қарап ережені еске түсірейік
Қозы, лақ, құлын, бұзау, күрек, өрік
ә) Мына мысалға қарап ережені еске түсірейік.
Дәптер, терезе, өзен, күрек, өрік.
Оқулықтағы 45 - жаттығу (слайдтан оқиды)
Күн, жел, жүзім, әже, білім, үлкен, бөрік.
(Дауысты дыбыстың қандай болуына байланысты)
Парақшамен жұмыс (жуан, жіңішкені табу)

Жаңа сабақ. Тиін. Олай болатын болса, тиін туралы не білеміз.
(Дүниетану сабағындағы тиінді еске түсірейік)
ТИІН

Ағаш қуысында тіршілік етеді;
жаңғақ саңырауқұлақ жейді;
сүйкімді, секіреді, жүреді
еңбекқор, ешкімге зияны жоқ
құйрығы ұзын

Тиіннің тіршілігі, түрлері туралы слайдтағы суреттерді көрсету.

Тиін мәтінін мазмұндау. Сұрақ – жауап
1. Тиін қандай аң? (қонақжай емес)
2. Қалай өмір сүреді? (өзбетінше)
3. Жыл мезгілдеріне қарай олардың мінездерінде қандай өзгерістер болады?

Сергіту сәті:
Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің

Терме диктант (теріп жазады)
Кебеже ағаштан жасалады. Кебеженің ішіне сүр ет, құрт, ірімшік, май салып қояды. Ол бұзылмайды.

Қай дыбыс әрпі артық екенін анықта, парақшамен жұмыс.
Әріптердің орны ауысып тұр, сөз шығар.
Оқулықпен жұмыс.
Тақтамен жұмыс. 47 - жаттығу

(Жіңішке айтылатын сөздерді үлгі бойынша топтап жаз.)
Үй жиһаздары: кілем, текемет, кебеже
Тағамдар: сүт, көже, ірімшік, іркіт, сүзбе
Құс аттарын ата:
Аң аттарын ата:

● Нені білемін
Тиінің орманда, ағашта өмір сүретінін, жаңғақпен қоректенетінін білемін
● Нені білдім
жаңғақтан басқа ағаш бүрімен қоректенетінін, қонақжай емес, жыл мезгілдеріне қарай мінезінің өзгеруін білдім

Қорытындылау
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама