Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұ дыбысы және әрпі
Семей қаласы,
«№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Әбдыханова. Ш. С.

Сауат ашу 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ұ дыбысы және әрпі туралы білім беру. Ұ дыбысы бар сөздерді сауатты оқу және көркем жазуға үйрету.
Оқу - тәрбиенің міндеттері:
Тақырыпқа байланысты: Өткен материалдарды қайталату. Жаңа дыбыспен және әріппен таныстыру. Кәсіп түрлері және мамандықтармен таныстыру. СТО - ға байланысты: Өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу. Оқу және жазу арқылы ойлау сөйлеу дағдыларын дамыту.
Топпен жұмысқа байланысты: Топпен жұмыс істеуге, толлеранттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Құзыреттіліктер: Құндылықты - бағдарлы, оқу - танымдық, ақпараттық - технологиялық, комминикативтік құзыреттіліктерін дамыту.
Әдіс - тәсілі: Ақпаратты - коммуникациялық технологиясы, С. Т. О технологиясының стратегиялары (вен диаграммасы, топтау, топта талқылау)
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Көрнекіліктері: Ұршық, жіп, карточкалар, интерактивті тақтадағы флипчарттар, карточкалар, фломастерлер.

Сабақтың барысы:
1 Психологиялық ұйымдастыру кезеңі: «Достар» психологиялық жаттығуы арқылы.
2 Қызығушылығын ояту кезеңі:
*Вен диаграммасы арқылы өтілген әріптерді дыбысқа бөлу.(1 - флипчарт)
*Жаттауға берілген «Дәрігер боламын» атты тақпақты әр топтан сұрау.
(2 - флипчартта дәрігер суреті шығады)
*Сұрақ - жауап. Дәрігер мамандығы туралы не білетіндерін сұрау.
Карточкамен жұмыс. Әр топқа карточка таратылады. 1 - топ «Көз», 2 - топ «Тіс», 3 - топ «Бала» сөздері.

3 Мағынаны тану кезеңі:
*- Балалар, сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер? - Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын пайдаланған.
*Интер тақтамен жұмыс.(3 - флипчарт) Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
*Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Баспа және жазба түрін көрсету. Тақтаға және ауада жазу. Оқулықтағы сөздерді хормен оқу.

Сергіту сәті.
Мұғалім мамандық түрлерін атап тұрады, ал балалар қимылын жасап келтіреді. Мысалы: Аспазшы - нан илегендей т. б.
* Жаңа сөздерге дыбыстық талдау және буынға бөлу жұмысын жүргізу. Ұшақ пен тік ұшақты көргенде қандай мамандық иелері естеріңе түседі?
(4 - флипчарт)

4 Ой толғаныс кезеңі.
*Интерактивті тақтадағы мұнай құбырларының суреті бойынша мұнай және мұнайшы туралы түсіндіру. «Мұнай» мәтінін оқып беру.(5 - флипчарт)

Сөздік жұмыс.
Құбыр - сұйық заттар өтетін темір, ұзын зат.
Байлық - молшылық
Өндіріледі - жасалады, шығарады.

*Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
*Рефлексия.(6 - флипчарт) Интерактивті тақтада берілген мамандықтардың суреттері бойынша топтастыру жүргізу.
(7 - флипчарт) Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру. Оқулықтағы тапсырмадан бөлек мамандық туралы тақпақтар жаттап келу тапсырылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама