Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру, у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдегі сөз құрылымының сырларын меңгертуге бағыт беру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.
б) оқушыларды ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға, татулыққа, өнерді, еңбекті, сүюге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдістері: зерттеушілік, ізденушілік, сұрақ - жауап, интерактивті, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, орман, құстар суреті
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау:
Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру:
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін, - деп, қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А) 4 – жаттығу
У дыбысы бар сөздерді тауып, неге дауысты болып тұрғанын түсіндіру.

Ә) Өткен тақырыпты еске түсіру:
1. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп бар)
2. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? (Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.)
3. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата. (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
4. Заттың қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата. (Не істеді? Қайтті?)
5. Бас әріппен жазылатын сөздерді ата: (Адам, жер - су, үй жануарларына қойылатын аттар)
6. Адамға, мамандыққа қандай сұрақтар қойылады? (Кім?)
7. Жануарларға қандай сұрақтар қойылады? (Не?)
8. У дыбысы қай уақытта дауысты болады? (Дауыссыз дыбыстан кейін)

Актуалдау. Филворд шешу.
9. Математикамен байланыс.
Мына филворд шешсеңдер біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
Шешуі: У дыбысы.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсаты мен міндетін хабарлау.
- Балалар, бүгін біз қазақ тілі бойынша дәстүрлі емес ертегі сабағын өткіземіз.
Ерте - ерте, ертеде жапан түзде сиреп қалған орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең - зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті. Құс кетіп, біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңдеріне құрт - құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні - түні көмек сұрап, зарлай береді екен. Оның дауысын естіп, бір күні көгершін ұшып келеді.
Мән - жайды түсінген соң мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп келейін деп көгершін ұша жөнеледі.
Мұғалім: Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?
Балалар: Иә.
Мұғалім: Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық. Алдымен мына тапсырманы орындап жіберейік.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Суреттегі заттардың атын жазу. У әрпі қандай дыбыстан кейін келіп тұр, оның дауысты, дауыссыз екенін сәйкестендіру арқылы сызу.

Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы
Мухадиева Жанат Шәріпқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама