Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
ҰБТ дайындық жоспары
ШҚО, Аягөз қаласы,
«Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О.

Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы
(10-11 кластар)

Түсінікхат

Жалпы жоспар 10-11 класс оқушылары үшін апталық 1 сағат, барлығы 68 сағатқа жасалған (2 жыл). Бағдарламада физика пәнінен мектеп курсының стандарт талаптары бойынша барлық тақырып 7 тарауға біріктірілген. Жұмыс жоспары «Өткенге салауат – жарқын болашақ» принципіне негізделген, яғни орыстың «Повторение – мать ученья» деген мақалына сәйкес алдымен теориялық материалды толық қайталап алуымыз керек. Содан кейін теориялық материалды бекітіп, есептер шығарту, есеп шығару ерекшеліктерін еске түсіру керек. Соңында балаға берілген білімді міндетті түрде сынақ жұмысы арқылы тиянақтап, қорытындылап, оның алған білімінің қандай дәрежеде екенін көрсетіп отыру керек. Ең соңғы әрекет баланың сынақ жұмысы барысында жіберген қателерін коррекциялау, толықтыру арқылы білімін нақтылай түсу.

Барлық тараулар бойынша қайталау жұмыстарын толық жүргізіп алған соң, әртүрлі тест тапсырмаларын, қосымша есептер жинақтарын пайдалана отырып, есептер шығару керек.
Жылдың соңына қарай тағы да оқушының алған білімін сынақ жұмыстары арқылы саралап, қорытындылау керек.
Жоспарланған барлық практикалық тапсырмаларды есептегенде оқушы бойынша дайындық барысында барлығы 1560 теориялық тапсырмалар мен есептерді қарастырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама