Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы адам
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек ұжымы, ұжымдағы адамдардың қарым – қатынасы, ынтымақтастығы, мәдениеті, сыпайылық, әдептілік ұстанымдары туралы баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма, видео ролик.
Сабақтың түрі: оқушылар топқа бөлінеді.
Пән аралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру - оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.
2 Үй тапсырмасын сұрау.§6 Адамдардың өзара қатынас әлемі.
Сұрақтар арқылы:
1. Адамдар арасында өмір сүру дегеніміз не?
2. Қарым - қатынас деп нені айтамыз.
3. Адамдардың қарым - қатынас ұғымдарына нелер жатады?
4. Қарым – қатынастың жақтарын ата.
5. Лат. Communication - біріктіремін, байланыстырамын қарым – қатынастың қай жағы?
6. Интерактивті жағы ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
7. Қарым – қатынастың перцептивтік жағын түсіндір.
8. Қарым – қатынас түрлерін ата?
9. Адамдардың өмірлік қызмет аясы қандай?
10. Қарым - қатынастың формаларын ата.

3. Жаңа сабақ
Жоспар
1. Еңбек ұжымы, қарым - қатынас мәдениеті және этикет.
2. Ұжымдық қарым – қатынас үдерісіндегі демократиялық.
3. Ұжымдағы адамдардың ынтымақтастығының өндіріс үдерісіне әсері.
4. Қарым - қатынастағы сыпайылық, әдептілік ұстанымдары.

4 Видео ролик
Слайд арқылы: Ұжымдағы адам.
Қарым - қатынастың екі жағдайы.
Демократиялы.
Ұжымдағы қызметі алға басу үшін.
Тіл белгілеріне қарай қарым-қатынас түрлері.

Сабақты бекіту: Үлестірмелі тапсырмалар.
1 - топ
1. ----------- бұл – адамдардың өзара -------- формасы, өзара ----------- және эмоциялыққатынас актісі.
2. Ұжымдағы басшыңызбен қарым-қатынас орнатып, қатынастың қай түріне жататынын анықтаңыз.
3. Тест
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз бұл -
а ) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын меңгеру
б) мақсат пен істің мазмұнын іріктей алу
в) ойды тиянақты жеткізу
г) барлығы дұрыс

2 - топ
1 Ұжымдық қызмет алға басу үшін қажетті шарттар.
2 Ұжымыңызбен вербалды емес қарым - қатынас орнатыңыз.
3 Қарым - қатынас түрлері ата.
3 - топ
1 Қарым – қатынастағы демократиялықты түсіндір.
2 Адамдардың белгілі бір --------- қолданып қарым - қатынасқа түсуі
------------------- қарым - қатынас деп аталады.
3 Адамдар арасындағы қарым - қатынастарда біреудің екіншіге
үстемдік жүргізуі құптарлық әрекет пе?

4 - топ
1. Еріктік қатынас тұрғысынан тең пікірлесушілер қарым – қатынасын көрсетіңіз.
2. Төте және жанама қарым – қатынас айырмашылығын атап көрсетіңіз.
3. Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрессте қарым – қатынас қалай жүргізіледі?
Үйге тапсырма:
Ұжымдағы адам жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама