- 05 нау. 2024 02:42
- 209
Үлестер. Жай бөлшектер
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Тұщықұдық ауылы, С. Жаңғабылов орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Тұрманбетова Лаура
Сабақтың тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Натурал сандардан басқа бөлшек сандардың бар екенін білу, үлестерге бөлуді үйрену, бөлшектің алымы және бөлімімен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Тез ойлап, тез қорытуға, бөлшектерді дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, ойын, аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Көрнекілік: схема, дөңгелек, плакаттар, слайд
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: топқа бөлу, оқушыларды түгендеу
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау
1. Қосындының және көбейтіндінің бөлінгіштік белгілері қалай айтылады?
(125+75): 25 және (81*10): 9 аяқтаңдар.
2. Жай сандар және құрама сандар деген не?
11, 17, 23, 55, 521, 625, 757, 123, 61 сандарынан:
Жай сандарды және құрама сандарды айтыңдар.
3. Кестені толтырыңдар:
ІІІ. Жаңа тақырыпқа әдістемелік нұсқау
АВ кесіндісі неше бөлікке бөлінген? АС кесіндісі оның неше бөлігіне тең екенін айтыңдар.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Дөңгелекті бірлік (бір бүтін) ретінде қабылдап, оны тең 2 бөлікке, тең 4 бөлікке, тең 8 бөлікке бөлейік.
Бүтіннің бірнеше тең бөліктерінің әрқайсысы үлестер деп аталады.
Бірінші дөңгелек тең 2 бөлікке бөлініп, оның бір бөлігі боялса, дөңгелектің екіден бір үлесі боялған. Екіден бірдің жазылуы: 1/2
Екінші дөңгелек тең 4 бөлікке бөлініп, оның бір бөлігі болған болса, дөңгелектің төрттен бірі боялған. Төрттен бірдің жазылуы: 1/4
Үшінші дөңгелек тең 8 бөлікке бөлінген. Оның 3 бөлігі боялған болса, дөңгелектің сегізден үш бөлігі боялған. Сегізден үштің жазылуы: 3/8
Мұндағы 1/2; 1/4; 3/8 - жай бөлшектер. Жай бөлшектердің жазылуындағы сызықша (--) бөлшек сызығы деп аталады.
Бір үлес немесе бірдей бірнеше үлестердің қосындысы жай бөлшек түрінде жазылады. Мысалы, 3/4 жай бөлшегі әрқайсысы 1/4 үлеске тең 3 үлестің қосындысына тең. Үлестер тең бөліктер болғандықтан, «үлес» дегенді «бөлік» деп те атайды.
Бір бүтіннің 1/2 бөлігі «жарты» деп аталса, 1/4 бөлігі «ширек» деп аталады.
Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Оны бөлшектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің алынғанын көрсетедң. Оны бөлшектің алымы деп атайды.
Жай бөлшек - а/в, мұндағы а – алымы, в - бөлімі (а - натурал сан немесе нөл саны, в – натурал сан).
Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан (бөлімі) шығыс септігінде, бөлшек сызығының үстіндегі сан (алымы) атау септігінде оқылады.
Мысалы, 7/10 жай бөлшегінің оқылуы: «оннан жеті», 4/5 жай бөлшегінің оқылуы: «бестен төрт».
Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады.
Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.
Мысалы, 12: 4=12/4; 100: 25=100/25; 90: 18=90/18.
Натурал санды бөлімі кез келген натурал сан болатын жай бөлшек түрінде жазуға болады. 33=3/1; 3=12/4
Бөлшектің алымы натурал сан немесе нөл, ал бөлімі натурал сан болады. 7/10; 0/3=0; 5/9
V. Оқулықпен жұмыс
№776, 777, 779(ауызша)
№780, 781, 783, 784, 785(1 - 3)
VІ. Жаңа сабақты бекіту
1. Математикалық диктант
а) Жай бөлшек түрінде жаз: бестен үш; алтыдан бір; он бірден тоғыз; жиырмадан он тоғыз; тоқсан екіден отыз бір; жүзден тоқсан жеті
ә) Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлгендегі оның бір бөлігін............. деп атайды.
б) Бөлшек сызығы.......... білдіреді.
в) Бөлшек сызығының астындағы бөлігі............ деп, ал үстіндегі бөлігі............ дейді.
Толық нұқсасын жүктеу
Слайдын жүктеу