Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары
Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата - анасын, туған - туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата - анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.

Әрине, үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.
Психологгар мен педагогтардың зерттеулері бойынша үлгермеуші баланың шығуына үш фактор себепші болады екен.
• Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
• Екіншіден, балалардың мінез - құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
• Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
• Мұғалімдер ең алдымен үлгерімі төмен оқушыларды анықтап, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату үшін көмек көрсетуге ұмтылады. Олар үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, пәнге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік білім стандарттарын меңгертуді міндеттейді. Мұғалім сабақ кезінде үлгерімі төмен оқушылардың пәндерді меңгеруін, нәтижелерін есепке алып, диагностикалау жүргізеді. Бұл оқушының сабақтың қай жерінде олқылықтары бар екендігін анықтап, оқытудың қызығушылығын қалыптастырады, жеке көмек береді.

Диагностикалау арқылы оқушы үлгермеушілігінің себептерін анықтайды. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін өз бетінше жұмыс істеп, қалыптасуы үшін алған білімдерін жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлануға жетелеу, дұрыс сөйлеуді меңгерту және жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру қажет. Тапсырмалар үлгерімі төмен оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында сөздіктер, суреттер, сөздік ойындар, сөз жұмбақтар қамтылады. Жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың жасы мен ақыл ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте – бірте күрделеніп, тереңдетіле құрылады. Тапсырмаларды орындауда үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн. Мектеп жағдайында деңгейі төмен балаларды өз бетінше бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімнен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен екінші түріне үнемі аударып отыруға тура келеді. Осы жұмыстарды жүзеге асыруда зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама