Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
"Егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі"
А. С. Макаренко.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.

Міндеттері: 1. Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.
2. Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату.
3. Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.

Негізгі принцип: Нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым – қатынас орнату.
Болжамдап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.

Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша баланың оқуына үш фактор себепші болады екен.

Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
Екіншіден, балалардың мінез - құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.

«Үлгермеуші балаларды қалай тәрбиелеуге болады?» деген өзіме қоя отырып мынадай
жұмыс жоспарын жасадым.
Оқушы үлгермеушілігінің себептері:
- Жекелеген мұғалімдердің сабақтарының жан - жақты ақпаратты болмауы, жаңа материалды тиісінше қызықты өткізе алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, Ата - ананың баланың сабағына қарамауы;
- Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;
- Мұғалімдердің өз оқушыларының бойынан тек үздік оқушының психологиясын көріп балалардың жанына терең үңілмеуі тапсырманы орындауда сенімсіздігі дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
Тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі.
Бағалаудағы біржақтылық;
Оқыту мен тәрбие үрдісінде ата - ананың өз міндетіне дұрыс қарамауы және сабақтастықтың болмауы;
Сабақтан жиі қалуы;
Оқушының ауырып қалуы;

Жамбыл атындағы орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі: Джумабеков Данияр Аманкулович
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама