Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұлы отан соғысының батырлары
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасы, аударма ісі мамандығының 1 курс студенті т. ғ. д профессор Қозыбақова Ф. А ғылыми жетекшілігімен Құрманбекқызы Ақниет.

Ұлы отан соғысының батырлары.

Бүгінде екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Тарихымызда ерекше орын алған, жер анамыздың бетіне қандардың төгілуіне себеп болған, қаншама отбасының қара жамылуына түркі болған екінші дүниежүзілік соғыс Америкадан басқа барлық ел үшін қиын кезеңдер болғаны ақиқат. Ұлы отан соғысы жылдары туралы жазылған кез - келген шығарманы оқыған сайын көзімізге еріксіз жас келетіні белгілі. Әлі күнге дейін Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма", Шыңғыс Айтматовтың "Құс жолы", Ғабит Мүсіреповтың" Қазақ солдаты", Мәриям Хакімжанованың " Мәншүк" және тағы басқа көптеген шығармаларды оқыған сайын жүрегіміз дүрсілде шығарма кейіпкерлерімен бірге күліп, бірге қайғырамыз. Әрине, сол жылдары жазылған кітаптардың ішінде бақытты сәттерге қарағанда, қайғылы, қиыншылық кездер басымырақ. Барлығымыз білетіндей қазақ елінен соғысқа аттанғандар саны, қаза тапқандар және тірі қалғандар саны әлі күнге дейін нақты емес. Тәуелсіздік үшін соғысқа аттанған ата - бабаларымыздың аты – жөндері де толық деректер жоқ. Дегенмен де, осындай шығармаларды оқыған соң, тарих деректері бойынша болған оқиғаларды ізденген соң біз кез - келген сол жылдары өмір сүрген адамдарды - "батыр"деп атай аламыз. Себебі: ол кезде ер азаматтар қару асынып соғысқа кетсе, аналарымыз мен кішкентай балалар, қарттар соғыстағы әскердің азық - түлегі мен киім - кешегінің сапалы болуы үшін аянбай еңбек етті. Мысалы, Қазақстан жерінен оқ дәрілер, мақталар, жеміс - жидектер, көкөністер, арпа, бидай, ұн, қант, жүгері, ет және тағы да басқа керекті материалдар жіберіліп отырды. Соғысқа қару алып соғыспаса да, өз жерінде Тәуелсіздік үшін аш болса да, барын бергендері үшін кез - келген қазақ азаматына батыр атағын беруге болады.
Егер дәл қазір 2020 жылы елімізде болып жатқан пандемия мен 1945 жылы болған соғысты салыстыратын болсақ, ұқсастықтарды таба аламыз. Себебі екеуінде де айтып келмейтін - өлім қорқынышты. Соғысқа кеткен адамның аман - сау келетіндігі немесе келмейтіндігі бір Жаратушыға ғана аян. Дәл қазір сол секілді вирусты жұқтырған адамның сауығып кетуі белгісіз. Қазір болып жатқан жағдайдың да, тарихта үлкен орын алатындығы анық. Ал, бұрынғы біз үшін жанын қиып соғысқа аттанған батырларымызға қарағанда біздің жарамыз жеңіл. Себебі, дәл қазіргінің батырлары ең бірінші орында дәрігер, ұстаздар және полицейлер. Олар ел тыныштығы үшін өз өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін болса да, халқымыздың амандығы үшін ұйықтамай қызмет етуде. Ал, біз жастар осындай елімізге келген қиындыққа білім алу арқылы үлес қоса аламыз. Кез - келген мамандықтың шебері болу үшін білім керек. Білімімізбен мыңды жығайық. Бізге екі оқиғаға да үлгі болатын Бауыржан Момышұлының мынандай сөзі бар" Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп - қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі." Біз де, болашақ Қазақстанымыз үшін еңбек етейік!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама