Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы
Aхмет Байтұрсынұлының есімі барша оқырман қауымға таныс болғанымен, оның өмірі, ағартушылық жол туралы кей деректерді біле бермеуі мүмкін. Студенттік уақытымыздың соңғы жылында университет тарапынан А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығынан өндірістік тәжірибеге бардық. Тәжірибе жетекшісі Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, Мекебаева Лейла Адамқызы сияқты оқытушыларымыз болды. Осы тәжірибе арқылы бізге, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріне ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын тереңірек тануға мүмкіндік туды.
Оны қазақ даласының "Сегіз қырлы, бір сырлы" деп аталатын атақты адамдарына жатқызуға болады. Ол талантты әдебиеттанушы, терең ойшыл, жарқыраған публицист, жанқияр саясаткер, ізденуші ғалым, керемет ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар, өмірді жақсы көретін және айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адам. Ол айналасындағылардың барлығын өзінің таусылмайтын қуатымен терең мағыналы тіршілігімен тарта білді. Ахмет Байтұрсынұлының сан қилы оқиғаға толы өмірі бүгінгі күні де адамдарды таңғалдырады және өмір сүруге, жасампаздыққа деген ұмтылысын оятады!
Халқымыздың өмірінде және бүкіл Еуразия кеңістігінде болып жатқан "өзгерістер дәуірінің" драмалық оқиғаларына қарамастан, оның өмірін конъюнктуралық деп айту қиын, дегенмен ол әрқашан ең өзекті әлеуметтік проблемалардың басында жүрді. Сонымен қатар, оның қоғамдық өмірге ат салысуындағы әрекетін өте дәйекті және мұқият деп айта аламыз. Ахаң басы қасында болған жобалардың әрқайсысын кемелдіктің шекті деңгейіне жеткізді.Қазақтың Ахметі халқы үшін, - " түнгі аспанның төрінде жарқырап тұрған шоқ жұлдыз!»
Ахаңның өміріндегі ең маңызды істер қатарына үш ірі бастамасын жатқызуға болады: Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірлесе отырып, өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттың сауаты мен білім айнасына айналған "Қазақ" газетін басып шығару; Араб графикасын қолдану арқылы "Төте жазу" жасау және "Алаш-Орда" үкіметінің қызметіне қатысу. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың өмірінде өзгеде айтулы оқиғалар болды, алайда дәл осы оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды, оны өз елінің көрнекті ұлы етті, оның тәуелсіздігі туралы арманын асқақ етті.
"Қазақ" газетінде сол кездегі қайта өркендеген қазақ қоғамы үшін танымның кең көкжиегін ашқан мазмұны терең және тақырып бойынша алуан түрлі материалдар басылып шықты. Осы басылымның арқасында қазақтар қазіргі өркениетті ұлттың қалыптасуы жолында өте маңызды қадам жасады деп айтуға болады.
Дәстүрлі көшпелі қазақтың "ұзын құлағы" осы газеттің арқасында ақпарат беру құралынан ұлтты тәрбиелеу және кеңінен ағарту құралына айналды. Қазақ зиялыларының айтуынша, бұл белгі қазақтар арасында Еуропалық ғылым мен өнердің таралуын, "Қазақ" газетінің қазақ халқы үшін мәдениеттің терезесіне айналуын және өзгелердің зиянынан қорғаушысы болу ниетін білдірді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Бауыржан Момышұлы Қазақ тілі туралы былай деп жазады: "біздің ана тіліміз – біздің халықтық қадір-қасиетіміз бен мемлекеттілігіміздің мәні, тот баспайтын өзегі. Ана сүтімен сіңірген ана тілімізді білмеу - барлық ата-бабаларымызды, бүкіл тарихымызды ұмыту дегенді білдіреді".
Біздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды, ана тіліміздің қай тілі екенін және осындай жаңа Тәуелсіз Қазақстандағы әл-ауқатымыз қандай тұлғалардың арқасында екенін мәңгі есте сақтауымыз шарт.
Мұханова Анель Ерболқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің 4-курс студенті,
Лейла Мекебаева Адамқызы, ф.ғ.к, аға оқытушы