Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұлттық бас киімдердің ою - өрнектері
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Ұлттық бас киімдердің ою – өрнектері
Сабақ мақсаты: Оқушылардың қолөнерін дамыту, ою – өрнектермен жұмыс жасауға икемдеу, ою – өрнектерді тігуге үйрету, ой – өрісін іскерлігін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, эстетикалық талғамын баулу, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас
Пән аралық байланыс: тарих, сурет
Құрал – жабдықтар: бас киім түрлері, мата, ине – жіп, қайшы
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу
ІІ Үй жұмысын тексеру
ІІІ Жаңа тақырып
УІ Сарамандық жұмыс
У Үйге тапсырма

Жаңа сабақ
«Үлгісі көптің өрнегі көп
Өрнегі көптің ермегі көп»
Тілімізде ою – өрнек деп қосарлана айтылатын сөз бар. Ол тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыл, өрнек. Сонымен ою – өрнек дегеніміз – әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері. Ою-сөзін латынның «ornament», ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасына қолдануға болады. Қазақ қолөнерінде ою – өрнек өте кеңінен қолданылады. Ұлттық бас киімдер халқымызда өте көп тараған, олар қасаба, айыр қалпақ т. б, кимешек, сәукеле, бөрік, тақия. Біз осының ішінен тақияны алып тігіп оны, ою – өрнектерімен әшекейлеп тігеміз. Тақия-ерлердің жеңіл бас киімі, оның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі болып келеді. Тақияны пүліштен, қыжымнан, астарын жібек, сәтеннен тігеді. Түсі көбіне көк, жасыл, қара болады. Оқушы сәннің эскизі бойынша сызба бөлшектеріндегі және элементтердің құрылысын түсіндіреді.
А) төбесі
Ә) жиелігі
L – 54см
E – 54см
R-10, 5 см
N – 5 см
1. Тысын, бидайын және астарын бірдей етіп пішіп, жиек пен төбесі үшін оюларын ою.
2. Жиек пен жиек астарының төменгі жақтарын тігеді, төбе мен астарының қиылған жерлерін тігіп, жиегін тігіп бекітеді.
3. Төбе мен астарын беттестірін жиекке қондырады.
Пішіні берілген сызба бойынша пішінмен бөлшектерді түрлі тігістерді қолдана отырып қосып тігіп, ою-үлгілерін тігіп кестелейміз. Аяқтап болған соң дымқыл – жылулықпен өңдеуден өткіземіз.
Кестені толтыру жұмысы жүргізіледі

Сарамандық кезең: қыздар өзіндік жұмыс жасайды.
1. Оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді
Сұрақ – жауап бойынша сабақты бекіту:
1. Қандай тақия түрін білесіңдер?
2. Қандай ою – өрнек түрлерін қолдандыңдар
3. Қандай мата түрлерін қолдандыңдар
Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді көрсетіңдер, жаңа экономикалық терминдермен таныстыңдар. Алған білімдеріңді өмірде қолдана біліңдер деген тілекпен сабақты аяқтаймыз.
Үйге тапсырма беру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама