Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар: Дене тәрбиесінде
Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру. Балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Асықтар, таяқша, қолдан жасалынған аттар, тақия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.

ІІ. Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. Ойындар ойнату.
Ұлттық қимыл ойындары:
«Айгөлек»- бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен топталып ойнату, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын, тілін дамыту мақсаты қойылған.
«Тақия тастамақ»- шеңбер жасап отырып, бала сезімін ояту, аңғара білуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

«Көтермек»- баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге үйрету.
Ат сайысы. Оның түрлері: ат омырауластыру,
аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады.

«Хан алшы»- ойын ауызбірлікке, ептілікке, зейінділікке, төзімділікке, достыққа тәрбиелеп, асықтың алшы, бүк, шік, тәйкі, хан деген ұғымдарын қалыптастырып, есте сақтау қабілетін арттыруға арналған.

ІІІ. Қорытынды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама