Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап, кестемен жұмыс,
ой жинақтау
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Суреттер, карточкалар, ватмандар, маркерлер, стикерлер, презентация, музыка, интерактивті тақта
Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту, қазақша жатық сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Ұлттық тағамдар түрін білуге, өз ойларын еркін, тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау мен еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет – ғұрпын қадірлеуге, құрметтеуге баулу.
Оқушылар нені біледі? Қазақтың ұлттық тағамдары үш топқа бөлінетінін біледі. Соғым сою - қазақ халқының салты екенін біледі. Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар туралы біледі. Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдарды жақсы біледі.
Осы сабақта мақал - мәтелдерді қолдана отырып, мақал - мәтелдерді талдау арқылы сабақты бекітемін.
Сыныпта оқушылар мақсаты бірдей болып табыла ма?
Оқушылардың мақсаты қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады.
Сабақ соңында оқушылар нені біледі және нені жасай алады?
Берілген тапсырмаларды өздері орындап, оны өздері тексеріп, интерактивті тақтаны, флипчартты қолданып, кластер, венн диаграммасын, бес жолды өлеңді құрастыра біледі. Мақал – мәтелдерді, ырымдарды дұрыс қодануды бекіте біледі.
• Ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін
• Ет, сүт, нан тағамдарын бір – бірінен айыра біледі.
Мен оқушыларды қалай бағалай аламын?
Оқушыларға сабаққа дейін және сабақ соңында нені үйрендім, не ұнады, қандай қиындықтар туындады деген сұрақтарға стикерлерге жауап жазды және оқушылардың қол жеткен жетістіктеріне қарай бағалау парақтарына баға қоямын. Мен сабақ сәтті өтті ме екендігін қалай білемін?
Оқушылардың көңіл күйіне және тапсырмаларды орындау барысында, сабақтың соңында стиктерге өз ойларын жазғанда және бақылаушылардың қойған бағасына қарай білемін. Алған білімдеріне қарап және сабаққа қатысқандарына қарап білемін.
«Нашар» оқушылармен не істеуге болады? Ондай оқушыға жеке тапсырма беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама