Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ұлттық теңге – біздің тарихымыз және мақтанышымыз
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Жетекшісі:«Экономикалық пәндер» циклы оқытушысы Айтпенбетова Гүлжахан
баяндамашы: Э - 22 оқу тобының студенті: Әшім Айжан

Ұлттық теңге – біздің тарихымыз және мақтанышымыз

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
ҚР Президенті Н. Назарбаев

Ескі монеталар туралы айтқанда, адамдар көз алдына дөңгелек жəне жылтырақ бір затты елестеді, ал шын мəнінде бұл пішіні мүлдем бұзылған, түсі көгіс тартқан мыс кесектер.
Отырар – бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлары бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген уақыт айнасындай болған ежелгі қала. Бұл ақшалар мейлінше əртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі кезге қарағанда əлде қайда көп болды. Қазір қытай юаньін тек Алматы да ғана кездестіруге болады. Облыс орталықтарында мүлдем қажеттілігі жоқ. Бұл ретте қытай монеталары Қазақстан аумағында алғашқы пайдалана бастаған монеталар болды. Олар ушу деп аталады жəне археологтар Отырар алқабындағы Мардан обасынан тапты. Олар біздің дəуіріміздің кезеңіне жатады.

Ұлы Жібек жолындағы сауда барған сайын өркендеді. Ал оның біздің жақ бөлігіндегі ақша айналысын Қытай қамтамасыз етті.

Алғашқы теңгелер Ұлыбританияда шығарылды, себебі банкноталарды шығару үшін келісім - шарт ірі ағылшын компаниясымен жасалды. Алғашқы уақытта республика қолма - қол ақшамен қамтамасыз етілді. Банкноталардың пайда болуымен бір мезгілде Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытында алғашқы Қазақстан монеталарын шығаруға дайындық басталды.
Ал, елді қағаз ақшамен өзі қамтамасыз етуі үшін Алматыда банкнота фабрикасын құру шешілді. Осы жөніндегі шешім 1992 жылғы мамырда қабылданды жəне ҚР Президентінің «ҚР - ның Ұлттық мемлекеттік банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Жарлығында белгіленді. «Қазақстан теңге сарайы» РМК тіркеу туралы куəлікті1998 жылғы қарашада алды. Сонымен қатар шығармашылық, сол сияқты технологиялық сипаттағы ұғымдарды қамтитын ұлттық валютаның бір тұтастығы, бірлігі, валютаның жалпы тұжырымдасы және дизайны деген ұғымдар бар. Бұрынғы банкноталар елдің экономикалық дамуының əр кезеңінде болған болатын. Олар əр түрлі кезеңде, əр түрлі техникалық жарақтандыру кезінде сол кезде болған технологияларды ескере отырып, жасалды жəне шығарылды.

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8. 00 - де басталып, 20 қарашада сағат 20. 00 - де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4, 75 теңге болып бекітілді.

Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілігінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы болып отыр. Ұлттық ақша осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен түрлі қаржы дағдарыстарына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапынан инвестициялық сенімге де ие болды.
Технология дегеніміз - қарқынды түрде өзгеріп отырады, сондықтан олардан қалып қалмау үшін, есеп айырысу кезінде əр құнның купюрасын қабылдау қолайлылығы жəне номиналдарды бір - бірімен шатастырып алмау үшін Ұлттық Банк көп жылдар ішінде жеке номиналдарды алмастыруды жүргізіп отырды. Əр ел өз банкноталарын басқаларға ұқсас болмайтындай етіп жасауға тырысады. Бұл өзінің дарашылдығын, тəуелсіздігін көрсету үшін ғана емес, егер əртүрлі ұлттық валюта банкноталары бір - біріне ұқсас болатын болса, болуы мүмкін алдау əрекеттерін болдырмау мақсатында туындайды. Жаңа дизайн Қазақстанда соңғы жылдарда болып жатқан өзгерістерді көрсетеді жəне Қазақстанның бай мəдени тарихын қазіргі заманғы дизайн элементтерімен байланыстыра отырып біріктіреді. Мысалы, банкноталарда жаңа астана Астана қаласының көз тартарлық монументі Астана - Байтерек бейнеленген. Бет жағында мемлекеттік əнұран ноталарының фрагменті, сондай - ақ мемлекеттік ту жəне елтаңба бейнеленген. Ұлттық валюта күннен - күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бола бастады. Өндіріс дамыған сайын, елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды.

2006 жылғы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни көзге жəне жарыққа көрінетін, сондай - ақ қолға сезілетін ең көп қорғаныш элементтерінің мүмкін сандары пайдаланылды. Сонымен қатар арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де бар, бірақ басты назар ақша белгісінің тұпнұсқалығын тез жəне жəй анықтауға бағытталған. Анағұрлым танымал қорғаныш элементтерден су белгілері, біріктірілген бейнелер, оптикалық өзгеріп тұратын бояулар, микромəтін жəне т. б. пайдаланылған. Сондай - ақ, банкноталар қандай да болмасын номиналды қате қабылдау мүмкіншілігін жоққа шығарады, өйткені барлық номиналдар түсі бойынша да, өлшемі бойынша бірі – бірінен ерекшеленеді. Банкноталардың түс гаммасы кез келген құндағы банкноталарды оң жəне тез танитындай болып таңдалған. Əрбір келесі номинал алдыңғы номиналдан ұзындығы бойынша 4 мм жəне ені бойынша3 мм үлкен. Банкноталардың бет жағында орталық бөлікте қазіргі қазақстандық сəулет өнерінің, конструкторлық жəне инженерлік ойдың жетістігі, тəуелсіз Қазақстан дамуының символы «Астана - Байтерек» монументі орналасқан.

Банкноталардың сырт жағында еліміздің аумағында орналасқан ландшафттар мен сəулет өнерінің қазіргі объектілері бейнеленген. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Төменгі сол жақ бөлігінде жəне жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі əріптік белгі орналасқан. Жоғарғы орта тұсында«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жəне эмитент банктің логотипі басылған. ТЕҢГЕ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ.
Қазақстан теңгесі Қазақстанның ежелгі тарихы бар ел екендігін әлемге танытуда. Ерен еңбек пен болашаққа ұмтылыс салтанат құрған ел ретінде танытуда! Теңге ұлттық валюта ретінде біздің еліміздің тарихында тəуелсіздіктің тек экономикалық негізі ретінде маңызды рөл атқарып қана қоймайды. Теңге - біздің тарихымыздың толық қанды бөлігі, өз заманының белгісі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама