Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тақырыбы: Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Міндеттері:
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: балалардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: балалардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, слайд шоу.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ой - қозғау
III. Әңгімелеу
IV. Сергіту сәті
V. Шығармашылық жұмыс
VI. Тақпақтар
VII. Мақал - мәтелдер
VIII. Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, балалардың назарын өзіме аудару
ә) қызығушылықты ояту
Жұмбақ
1. Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды қағаздар (теңге)
2. Мың... болғанша
Бір ақылды басын болсын (теңгең)
3. Айрықша белгісі
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (ақша)
4. Базарда бәрі бар,
... ешкім бермейді. (ақшасыз)
Тиыннан... құралады. (теңге)
5.... тиынна өсер.
Жылқы құлыннан өсер. (теңге)
6.... кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады. (Ақша)

Ой - қозғау
1. Ақша дегеніміз не?
2. Ақша қандай қызмет атқарады?
3. Ұлттық валюта дегеніміз не?
4. Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?
5. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?

Әңгімелеу
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама