- 17 қаз. 2020 00:00
- 203
Ұлттық Университеттің халықаралық мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет – кең салалы, әрі жан-жақты мамандандырылған оқу орны. Әлемдік жоғарғы оқу орындарының рейтингін анықтайтын «QS World University Ranking 2021» нәтижесі бойынша бұл оқу орны әлемдік университеттер қатарының ішінде 165 орынға ие болды. Бұл университетіміздің елеулі жетістігі болып табылады, себебі Қазақстан бойынша осындай алдыңғы қатарда, ең үздік 200 университеттің қатарына еңген бірден бір оқу орны болып табылады.
Қазақ Ұлттық Университеті барлығы 16 факультетте 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Ұлттық университеттің физика-техникалық факультеті – ғимарат көлемі жағынан да, студенттер саны бойынша да ең ірі, әрі атақты факультет болып саналады. Себебі, ол халықаралық қарым-қатынас жағынан алдыңғы қатарда қызмет атқарушы факультеттердің бірі. Мысалы, физика-техникалық факультет Германия, Испания, Дания сияқты бірқатар елдердің университтерімен ғылыми ынтымақтастық орнатып, жыл сайын студенттер мен магистранттар сол елдерде тәжірибе алмасуына ықпал етеді.
Физика-техникалық факультетте барлығы 4 кафедра жұмыс атқарады, яғни факультет ғимараты 4 түрлі зерттеу зерттханасымен бөлінген. Әр кафедра жеке өздерінің ғылыми зерттеу қызметімен айналысады. Мысалы, жылу физика және техникалық физика кафедрасы көбінесі жылумассатасымалдау процесін модельдеумен, сұйық азот өндірумен айналысады. Зертханалық зерттеу жұмыстарының халықаралық қарым-қатынасы бойынша кафедрамыз Ресейдің бірнеше университтерімен қызметтік меморандумға қол қойған.
Кафедрамыз академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша Европаның Польша, Литва, Латвия, Финляндия, Хорватия, Испания сияқты елдеріне студенттерді ғана емес, сонымен қатар оқытушыларды да тәжірибе алмасу мақсатында жібереді. Студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігі грантын ұтып алып немесе «Erasmus» бағдарламасының конкурсын жеңіп алу жолымен немесе тіпті өз қаржысымен қалаған оқу орнында Халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасымен бір семестр оқи алады. Бұндай халықаралық қатынасты реттеп отыратын, әрі көптеген студенттерді осындай ғажап мүмкіндікпен қамтамасыз етіп отыратын кафедра меңгерушісінің oқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Шортанбаева Жанар Каиржановна ханымның еңбегі орасан зор екендігін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, кафедрамызда ағылшын тілінде оқитын немесе ағылшынша білетін студенттердің шамамамен барлығы академиялық мобильдік бағдарламасымен шетелде болған. Мысалы, біздің топта бір уақытта біреуміз Финляндияның Тампере қаласында болсақ, ал екіншілер Литваның Каунас қаласында, ал үшіншісі оның астанасы Вильнюста оқып жатты. Біз үшін бұл ғылыми, мәдени тәжірибе алмасу болып табылса, ал университетіміз үшін халықаралық қатынастың дамуына қосқан үлесіміз деп санаймын.
Макулбекова Алтыншаш