Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Үш кәсіпкер тышқан

Кәсіпкер тышқандар мектебінің үш оқушысы үзіліс кезінде ауа жұтуға шықан. Бірі өз ойымен бөлісе бастады:

— Мен байып кетсем, бірден адамдардан ірімшік сатып алып, басқаларға қымбат бағамен сатушы ем — десе, кейінгісі:

— Керемет ақыл, байып кетсең мені міндетті түрде сатушы ретінде жұмысқа қабылда. Қала берді менің қолым жеңіл екенін өзің жақсы білесің, кәсібіңді өрге домалатып жіберемін — деді, сонда өзгесі:

— Мырзалар, біраз қаражатпен көмектесіп жіберіңдерші. Қалтамдағы сәл жетпей жатыр — дейті.

— Мә, бірақ қара, ұмытып кетпе! Мен байып кетуім үшін әр соқыр тиын керек! — десе, қасындағы:

— Мә, біздің сөзімізді бөле бермей кетші! Жағдайың болғанда, қайтарарсың — деді

— Рақмет, мырзалар! Міндетті түрде қайтарам — деп, өз жөнімен кетті.  Екеуі байып кетсе қандай керемет дүниеге қол жеткізетін, жағдайлары ерекше болатынын әлі де армандауда. Бір замат пысық тышқан, кішкентай арбаға ірімшік тиеп, екеуінің қасына жақындап

— Мырзалар, қарсы болмасаңыздар! Қарызымды ірімшікпен берейін. — десе, біріншісі:

— Дәл керек нәрсе, жоспар құруға ірімшік жақсы көмектеседі деп естігенмін — деп, қалтасынан ақша шығарып — мә, мынаған да қосып бере сал. — десе, екіншісі жұмыс берушісінің істегенін қайталады. Үшінші тышқан пайдаға кеңеліп, арбасын сүйреп адамдарға кетті. Ал, басындағы екеуі қиялдағы байлы мен саудасын жасап жатқанын елестетіп ескі таныстарының тұрақты сатып алушысына айналды. Олар, әлі күнге дейін кәсіпкерлер мектебінің ауласында армандап тұрады екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама