Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Үш қыз» ертегісі
Тақырыбы: «Үш қыз» ертегісі
Мақсаты: ертегіні балаларға таныстыру, мазмұнын ашу, кейіпкерлердің тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы олармен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айыра білуге үйрету; балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ананың және қыздардың иллюстрациялы суреттері, жұмыс дәптері түрлі түсті қарындаштар
Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайырымдылық.
Билингвальды компонент: ана - мама; қыздар - дочки, ауыру - болеть, балара - пчела.

Мотивациялық Қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
- Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?
- Ең аяулы жан - ол ана. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дәрі - дәрмек беріп қарауымыз керек.
- Бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз.
Педагог ертегіні мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.
Сөздік жұмыс
Аяулы жан сөзі өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынаны білдіреді
Қайырымдылық деп қиын кезде көмек көрсетуді айтамыз.
Сұрақ - жауап
- Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырады?
- Тиін үлкен қызды неге айналдырады? Не үшін?
- Тиін ортаншы қызды неге айналдырады? Не үшін?

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жақсы сергіп қалайық.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау
«Ана алдында - құрмет,
Ата алдында - қызмет».

Рефлексиялық түзетушілік
- Егер аналарың, қамқоршың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер?

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: анасын, қамқоршысын сыйлайды, көмектеседі.
Түсінеді: ана - баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін, бала да анаға қамқорлықпен қарауы керегін түсінеді.
Қолданады; аналарға арналған өлеңдер мен тақпақтар айтып береді.

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы
Баутин ауылы,"Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Жангожина Айман Туралиевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама