Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.
Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді үйрету.
Сабақта оқушылардың бойындағы шығармашылық
қабілеттерін дамыту, жылдам есептеу дағдыларын
қалыптастыру, математика пәніне қызығушылықтарын
ояту.
Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелеу
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
-- Балалар, біз, бүгінгі сабақта «математика» патшалығына саяхат жасаймыз. Математика деген ғажайып елге саяхатқа шығу үшін, білімімізді ортаға саламыз. Математика еліндегі үлкен олжаға жету үшін жолдағы үлкен кедергілерден сүрінбей өтулеріміз қажет.
-- Ал, балалар, «математика» патшалығына саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Біз ақылды баламыз,
Есеп жұмбақ ойынның
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің,
Саяхатқа шығамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
№7 Теңдеулерді шешу.
Теңдеу дегеніміз не?
Теңдеудің неше түрі бар? (қарапайым, күрделі)
Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуі де теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қарапайым: тек қана бір амалмен орындалады)

ІІІ. Білімділер әлеміне саяхатқа шығу.
3 - қатарға тапсырма беру. Өткенді қайталау.
1. 420: 6 - 20 х2 - 10 * 5: 450=
2. 2. 80 *6 - 80: 5 *9 + 0 - 720=
3. 90 +70: 4 *6 - 40: 5: 40=

ІҮ. Жаңа сабақ.
Мақсат қою кезеңі: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Күннің жады
Көркем жазу
Ертегі туралы ән тыңдау.
-- Балалар, бұл ән не туралы?
-- Ертегі туралы. Енді біздер «Ертегілер әлеміне» саяхатқа шығамыз. Ертегі таңғажайыптар әлемі десек қателеспейміз. Бізді сабақ барысында түрлі таңғажайыптар күтеді. Ертегіні мен бастаймын, сендер сол ертегінің кейіпкерлері болуға мүмкіндіктерің бар. Ертегінің басты және жақсы кейіпкерлері болсаңдар жақсы бағаға ие боласыңдар.

1. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ерте - ерте, ертеде математика патшалығында ағайынды үш жігіт болыпты.(графопроектордан үш баланың суреті) Біріншісі – жүздік, екіншісі - ондық, үшіншісі - бірлік екен. Ата - аналары өмірден өтіп, балаларына ауызбіршілікті өсиет етіп қалдырып, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деген өсиеттерін есте сақтап, көбейіп, өсіп - өнген екен. Осы ағайынды үш жігіт сендердің де сыныптағы бірліктеріңді, білімдеріңді тексеру үшін математика патшалығына саяхатқа шақырады.
Сандарды мұқият оқимыз. 112. Енді осы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз. Яғни 1жүзд - жүзге, 1онд - онға, 2бірл - екіге тең, жеке - жеке 4 - ке көбейту, нәтижесін оқу.
№1. 112 ∙ 4 = (100 + 10 + 2) ∙ 4 = 100 ∙ 4 + 10 ∙ 4 + 2 ∙ 4 = 400 + 40 + 8 = 448

№ 2. «Алғырлар» әлемі.
Оқулыққа назар аудару «Алғырлар әлемінде» кім алғыр, кім зерек болса, осы тапсырманы орындайды. Тақтамен жұмыс.
Түсіндіре отырып, шығару:
123 ∙ 3 = (100 + 20 + 3) ∙ 3 = 100 ∙ 3 + 20 ∙ 3 + 3 ∙ 3 = 300 + 60 + 9 = 369

№ 3. «Сандарды арттыру» әлемі.
Ауызша орындау.
Мына сандарды 3 есе арттыр: 231, 303, 221, 313, 331, 131, 121, 332.
321 ∙ 3 = 963
303 ∙3 = 909;
221 ∙ 3 = 663;
313 ∙ 3 = 939
331 ∙ 3 = 993;
131 ∙ 3 = 393
121∙ 3 = 363;
332 ∙ 3 = 996.

№ 4. « Шеберлер» әлемі.
Ертегілер әлемінде «Ұшқыш кілемді», «Сиқырлы аяқ - киімдерді»шеберлер жасаған. Бүгінгі шеберлер әлемінде шеберлер құмыра жасаған. Яғни, бұл шеберлер қандай шеберлер деп ойлайсыңдар? Бұлар сиқырлы шеберлер. Құмыра – қыштан, шыныдан жасалған ыдыс. Құмыра көбіне бүйірлі, ернеулі, ұзын мойынды, кейбірі тұтқалы болып келеді.[1]
Ауызша орындау.
І шебер – 1 сағ. 8 құмыра
ІІ шебер -?, 2 құмыра аз 6 сағ -?
Шешуі: (8 + (8 – 2) ) ∙ 6 = 14 ∙ 6 = 84
Ж: екеуі бірге 84 құмыра бояйды.

№ 5. « Сиқырлы кестелер» әлемі.
Бұл сиқырлы кестенің кілтін тапсақ, ертегінің өте жақсы кейіпкері бола аламыз. Кестені сөйлетейік.(Қима қағазбен жұмыс)

d 1 2 3 4
121 ∙ d - 100 21 142 263 384
121 ∙ d + 100 221 342 463 584

1 - ші нұсқаға

d --------1 ----------2 -----3 --------4
121*d - 100

2 - ші нұсқаға
d ------- 1 ---------- 2 ------- 3 ----- 4
121*d +100

Ауа - райына тоқталу.(Көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы)
Көктемде шығатын алғаш дала гүлі.
Гүлдің де жаны бар, тәні бар,
Өзіндік әсем сәні бар.
Қастерле, оны бағала,
Біздерге берер нәрі бар.
Сергіту әлемі.
Гүлдер туралы әнге қосылып билеу
№6. «Фигуралар» әлемі
Топырақ беті қызып, жер бетінде бунақденелілердің де тіршілігі басталады. Қандай бунақденелілерді білесіңдер? Ең ақылды құмырсқаның тапсырмасын орындаймыз.
құмырсқаға фигураның ауданын табуға көмектесу. Ауызша орындау.
Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады.

№ 7. «Есептер» әлемі
Есептің құрамдарын айту. Дәптермен жұмыс
Қырқылдақ балапаны – 234 шіркей
Бақаның баласы – 321 шіркей
3 күнде -? артық
Ш: (321 – 234) ∙ 3 = 261
Ж: 261 шіркей артық жейді.

Бақа туралы. Терісі жылтыр, шырышты, өкпесі нашар жетілген, терісі арқылы тыныс алады. Тілінің ұшы екі айыр, жемін тілімен ұстайды, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аналығы 500 - ден 11 мыңға дейін уылдырық шашады, құрлықта да, суда да ұрықтанады. Бақаның дернәсілін итшабақ, кейде шөмішбалық деп атайды.
№8 « Амалдар» әлемі.
Өзіндік жұмыс (Математика сан қырлы сандар әлеміне толы. Сол сандардың бір сиқыры амалдар тәртібіне жасырынған. Олай болса, амалдар әлеміне саяхат жасайық.)
332*2 - 460 =
800 - 121*4 =
313*3 - 213 =
422*2 + 170=
380+232*3 =
520+312*3 =
№ 11. «Зейінділер» әлемі
(Бұл тапсырманы ең зейінді кейіпкер ғана орындай алады деп ойлаймын)
1, 2, 3, 123, 133, 234
1*3*123 =369

№12Өзін - өзі бақылау әлемі
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту. ауызша орындау.
Үш ағайынды жігіттің тілегі орындалды ма? Соны тексерейік.
ҮІ. Қорытындылау.
Математика патшалығындағы ертегілер әлеміне саяхат сендерге ұнады ма? Ертегілер әрдайым жақсы оқиғалармен бітеді.
YII. Бағалау
Сабақтың басында айтып өткеніміздей өте жақсы кейіпкерлер өте жақсы деген бағамен, жақсы қатынасқан кейіпкерлер жақсы деген бағамен бағаланады.

ҮІІI. Үйге тапсырма: №9, 10. 230 бет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама