Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу

Дастархан басына шақыру

Асып - тасып қуанышы жер - көктің,
Шаршы топты шат сезіммен тербеттім.
Баршаңызды дастарханға шақырам,
Ұстаздарым, қане төрге төрлеткін.

Ақ ту қадап армандарға алдағы,
Кездесуге ұстаздар бүгін самғады.
Бас қосуға келіп қалды ұстаздар,
Орындалып көптен бергі арманы.

Берік болсын босағасы мектептің,
Ассын биік асуынан асқардың.
Ұстаздарым, тойың тойға ұлассын,
Дәмге бәрің келіңдер, деп басқардым.

Құшағында ер жеткен түлек едім,
Бар бақытты мен сізге тілеп едім.
Асыл жанды, аяулы ұстаздарым,
Тарту болсын өздеріңе бұл өлеңім.

Слайдтағы көріністер
1. Қазақстан
2. Тәуелсіздік
3. 20 жыл
4. Қызылорда
5. Әйтеке би
6. Майдакөл
7. №98 мектеп
8. Ұстаздар қауымы
9. Мерекелеріңіз құтты болсын!
10. Тіршіліктің бастауы болған – Шығыс,
Болмысымызға баға берген – Батыс.
Адалдықтың ақ қарындай – Солтүстік,
Жылулықтың қайнар көзі – Оңтүстік.
11. Дүниенің төрткүл бұрышының тұтқасын ұстап тұрған күн астындағы ең керемет мамандық – ұстаздық.

І - жүргізуші: - Ау, Назгүл, сен мұнда қайдан жүрсің?
ІІ - жүргізуші: Қайдан жүрсің қалай? Бүгін ұлы мереке емес пе?! Яғни ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі білім, тәлім алған ұлы ұстаздарымыздың төл мерекесі емес пе?!
І - жүргізуші: Әрине солай. Демек, сен.... Мен қателеспесем сол ұстаздарды құттықтау үшін жүрген болдың ғой.
ІІ - жүргізуші: Дәл солай.
І - жүргізуші: Ендеше, не тұрыс, екеуміздің бүгінгі мақсатымыз да, жоспарымыз да бір сияқты. Олай болса, ұлағатты ұстаздарымызды бүгінгі мерекелерімен әсем бір әнімізбен құттықтасақ қалай болады?
ІІ - жүргізуші: Келісемін.
«Сообщения» музыкасы ойналып, Н. Назарбаевтан факс келеді.
Құрметті ұстаздар!
Қазан айының алғашқы аптасында Республика көлемінде тойланатын ерекше мереке – ұстаздар мерекесі. Аяулы да, ардақты ұстаздарымызды осындай төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ұлағатты ұстаздар!
І - жүргізуші: Олай болса, жастарымыздың ұстаздарға арнауын қабыл алыңыздар!
(Зәмзәгүл, Кеңшілік, Арай, Назгүл, Жансая, Бағила, Зоя, Ғазиза, Жадыра, Әсия)

І - жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздерменен тола берсін ортамыз да.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мереке ұстаздар құтты болсын!

ІІ - жүргізуші:
Қайырлы кеш, қымбатты ұстаздар! Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық ұлы тойымен қатар келген төл мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі «Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу» атты мерекелік салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

І - жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз. – деп осы мерекелік кешімізді ашып беру үшін және ұстаздарға жылы лебізін білдіру үшін мектеп директоры Айтмамбет Ділдабек ағайға сөз кезегін береміз.
- Рахмет, ағай.

ІІ - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан - салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады.- деп келесі кезекті әнге береміз.
« ________» әнімен ортада Ізтілеуова Зәмзагүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама