Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұстаздарға арналған тренинг
Ұстаздарға арналған тренинг

- Армысыздар, құрметті қонақтар!
- Бүгінгі біздің мектепте өтіп жатқан семинарға қош келдіңіздер!
- Мұғалімдерді шеңберге тұрғызу. Біз қазір жай ғана шеңберге тұра салмаймыз. Біз бойымыздағы барлық ауырлықты артқа тастап, денемізді жеңілдетіп алып, шеңберге тұрамыз. Ол үшін: көздеріңізді жұмыңыздар.
1. Тыныштық сәті:
Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз. Енді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.
- Таудан құлап аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада ағып барады.
- Сіз сәбиді аялап отырған ананың бақытын сезінесіз.
- Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.
- Сіз өзіңіздің күшіңізге ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз.
- Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.
- Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңіз де былай деңіз.
- Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле.
- Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!
- Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
- Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін!
- Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін!
- Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!
- Абройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!
- Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін!
- Бақыт, байлық басыма қонарыма сенемін!
- Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін, - деп көзімізді ашамыз.

2. Сіз қандай жұмыскерсіз?
Олай болса келесі жаттығуымыз «Сіз қандай жұмыскерсіз» деп аталады.
Мына суретте аттың сұлбасы салынған. Сіздің міндетіңіз – суретті аяқтау, жануарлардың барлық сыртқы мүшелерінің суретін толықтырып салу және айналасын әсемдеу. Атқа керекті жағдайды жасаңыз.
1. Егер сіз аттың сыртқы негізгі бөліктеріне көңіл аударсаңыз (жалына, тұяғы мен құйрығына) онда сіз еңбек ете білесіз. Бірақ іскер емессіз.
2. Егер сіз аттың бет - әлпетіне көп назар аударсаңыз (көзіне, аузына, мұрнына, кекіліне және т. б. суретін салсаңыз), онда сіз жұмысқа қияли қатынастасыз, сізде толықтай елесті үмітіңіз енді құралған және құбылмалы үміт. Мүмкін сіз жас шығарсыз, әлі тәжірибе жинай қоймаған боларсыз, онда уақыт келе сіздің қалыптасуыңыз қалпына келеді. Егер сіз ержеткен адам болсаңыз, онда ынтыққындығыңыз бұл мінездеріңіздің бір қасиеті.
3. Егер әрбір түгін салуға тырыссаңыз, болар - болмасқа көп көңіл аударсаңыз, онда аңғарпаздығыңызды көрсетеді, қарқынды жұмыс істегенді ұнатасыз, өзгеге де өзіңізге де ұқыпты және ұстамдысыз. Сізге сенім артуға болады, бастаған істі ешқашан аяқтамай қоймайсыз. Сізбен бірге жұмыс істеген өте қиын, барлығын өзіңіздің білгіштігіңізбен және ұсақ түйектеріңізбен шеттетесіз.
4. Егер сіз атқа өзіңіздің атыңызды, көгалда немесе егістікте орналастырсаңыз, онда сіз ыңғайлы жерде жұмыс істеуге ұмтыласыз, тәуелді болғанды ұнатпайсыз және бағынышты болғанды бағалайсыз.
5. Егер сіз атқа ауыздық немесе ертоқым салсаңыз, онда сізге қысыммен жұмыс ісеуден арылу керек, сіз кез - келген басшыға солай болуы тиіс деп бағынуға дайынсыз. Сіздің атыңыздың жібі қаншалықты ұзын болса, онда ауыр және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге үйренгенсіз. Мүмкін сіз, басқаша болатынын өзіңізге елестете алмайтын да шығарсыз.
6. Егер сіз аттың үстіне адамды салып қойсаңыз, онда берілген бұйрықты орындауға үйренгенсіз, өз бетіңізбен жұмыс істеуге әдеттенбегенсіз. Сізге біреудің басшылық жасағаны, жай тапсырма беріп қоймай белгілі бір жұмыс түрін тапсырғаны ұнайды.

3. Лабиринт немесе жіптік курс.
"Лабиринт" ойын жаттығуын ұсынамын. Жаттығудың мақсаты: сенімділікті арттыру, бір - біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау. Матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынған, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше жатыр. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығасыздар. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. Қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. Жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз.

Педагогтарға арналған тренинг. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама