Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үй гүлдерін отырғызу
Технология 5 сынып
Тақырыбы: Үй гүлдерін отырғызу

Мақсаты: Тақырып бойынша мағлұмат береміз
Білімділігі: Оқушылармен бірлесе отырып, үй гүлдерінің өсуі мен баптау тәсілі жайлы әңгімелейміз.
Дамытушылығы: СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз.
Тәрбиелілігі: Үй гүлдерін отырғызуда эстетикалық талғамға сай ұқыптылыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Топырақ түрлерін таңдауда үй гүлдерін өсіру ерекшеліктерін түсіндіреміз.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланылатын стратегия: «Суретпен жұмыс», «Көрнекілік», «Ұқсастық пен даралық».
Сабақты байланыстыратын пән: Биология. Бейнелеу өнері. т. б.
Көрнекілік: Журналдар, суреттер, т. б.

Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз
«Суретпен жұмыс» стратегиясы:
Оқушы өзіне ұнайтын бөлме өсімдігінің суретін салады.
Не үшін салғандығы туралы әңгімелейді. Сипаттама береміз.
«Көрнекілік» стратегиясы:
Суреттер бойынша ойымызды анықтаймыз.
Ой сезімді бейнелейміз.
Ой сезімді қорғаймыз.

Мағынаны тану:
Үй гүлдерін өсіру – бөлмеге таза ауа әкеледі. Оттегіні шығарып, көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп алады. Сонымен бірге бөлмені әсемдеп, әдемілей түседі. Гүлдердің өсуі әрбір бөлмеге себепші және өзіндік орны бар, жарық көп түсетін жерлерде тұрса гүл өте жақсы өсіп, жайнап тұрады. Кейбір бөлме гүлдері күнді сүймейтін көлеңке бетте орналасады.
Гүлдің өсуі топырақтың құнарлығына да байланысты. Қазіргі кезеңде гүлді өсіретін дүңгіршектерде топырақтар сатылып жатады. Өйткені гүлдердің арнайы топырақтары болмаса өсуі қиынға соғады.

Сарамандық жұмыс
Үй гүлдерін отырғызу
Мақсаты: Үй гүлдерін отырғызып үйренеміз
Қажетті жабдықтар: ыдысы, топырақ, қопсытқыш құралы, тас немесе пенопласть, т. б.
Жұмыстың орындалу әдісі: (Гүлді отырғызғаннан кейін оқушылар ойларына түйгендерін жазып шығады.)
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы:
● КАКТУС - Теледидар, компьютер алдында тұрады. Суды көп керек етпейді.
● АЛОЭ - Денсаулыққа пайдалы. Суды көп керек етпейді.
● МАРАЛ МҮЙІЗІ - Жарықты жақсы көреді. Ас бөлмесінен басқа жерлерде жақсы өседі.
● РОЗА ГҮЛІ - Қонақ келетін жерде, ашық алаңда өсіріледі.
● Кактус, алоэ, марал мүйіз, роза гүлі бұлардың барлығы бөлме өсімдіктері. Адам организміне және бөлмеге қажет.

Ой қорыту: Әрбір оқушының түсініктеріне қосымша ақпараттар беру арқылы сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушы түсінігін, жұмысын бағалаймыз.
Үй тапсырмасы: Қажетті деректер жинақтау.
Жұмыс орнын жинастыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама