Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Үй жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік бере отырып, төлдерін дұрыс атай білуін үйрету. Сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру. Эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, үнтаспа, суреттер, дидактикалық материалдар

Жүрісі:

* Жылулық шеңбері: Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
* Әңгімелесу.
- Балалар, бізде қазір сурет сабағы. Сабақты бастамастан бұрын барлығымыз да «Ғажайыпстанға саяхат» мульти топтамасынан үзінді көрейік.
- Үзінді не туралы екен?
- Үй жануарлары жайлы.
- Елдос пен Аяжан құлыншаққа көмектесу үшін кімге барды?
- Ұмай анаға барды.
- Ұмай ана не айтты?
- Үй жануарларының адамға тигізер пайдасы туралы әңгімелеп берді.
- Мультфильм сендерге ұнады ма? Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар? Олар немен қоректенеді?
- Шөп, жем, сумен қоректенеді
- Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
- Бұзау, бота, құлыншақ, қошақан, лақ, мысық, күшік.
- Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары». Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.
Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып, ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды.
*«Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойынын.
Үнтаспадан үй жануарларының дыбыстарын тыңдай отырып, қай жануардың дыбысы екенін ажыратып айыруларың керек (үнтаспадан жылқы, түйе, сиыр, қой, ит, мысықтың үндерін тыңдату).
* Жұмбақ жасыру: Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
(Балалар слайдтағы үй жануарлары суреттерінің ішінен қойды көрсетеді).
- Қой - үй жануарларының бірі. Қойды қолға үйретудің адам үшін маңызы зор. Қой еті дәмді әрі тамақтығы мол. Қой сүтінен май алынады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон, ішік, аяқ киім де тігеді. Алайда үй қойы беретін өнімнің ең құндысы – олардың жүні. Одан пима басып, кілем, киім, қолғап, мата тоқиды.
* Дәптермен жұмыс. Қойдың дене құрылысының ерекшеліктерін дұрыс беру үшін педагог үлгі суретті салып түсіндіреді. Балалар берілген жұмыстың салу ретімен танысып, өздері суретті салады (балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылап, қиналған балаға көмектесуі).

* Сергіту сәті «Қамажай» музыкасымен.
* Қорытындылау.

Балалардың жұмыстарын кермеге ілу. Мадақтау.
- Бүгінгі сабақта біз не білдік? Оларды неге үй жануары деп атайды? Үй жануарларына қандай қамқорлық жасауымыз қажет?
- Үй жануарлары туралы қандай тақпақ, санамақ білесіңдер
- Қандай ақылды балаларсыңдар! Барлықтарың да сабаққа белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама