Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үй жиһаздары
Үй жиһаздары (Ашық сабақ)
Ашық сабақ. Екінші сәбилер тобы.
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: Үйдегі жиһаздар
Мақсаты:
Білімдік:
— Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк, төрт аяғы бар) үйрету;
— Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді үйрету;
Дамытушылық:
— Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту;
Тәрбиелік:
— Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Балалардың сөз қорларын жиһаз атауларымен кеңейту; «Жиһаз» сөзін балалардың сөйлемдерінде қолдануды үйрету.
Әдіс – тәсілдері: Сюрприздік кезең, әңгіме, жұмбақтарды шешу, дидактикалық ойындар.
Алдын - ала істелінген жұмыс: Жиһаздар суреттерін қарастыру, «Үй. Отбасы» сюжеттік - рольдік ойын; «Үй. Пәтер» сюжеттік суреттерді қарастыру; Д/о «Қандай?», «Біреу - көп», «Үлкен - кіші», «Үш аю» орыс ертегісін қайталау.
Көрнекі құралдар: Қуыршақ жиһаздары, «Жиһаздар» тақырыбы бойынша суреттер, ойыншық – аю, «Үш аю» ертегінің суреттері.

Мотивациялық – қозғаушы
Балалар топқа кіріп жарты шеңбер құрайды. Тәрбиеші балалар назарын қонақтарға аударады.- Балалар, іс - әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің – біріміз жылуымызды сезінейік. Армысың алтын күн, Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым
— Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.
Қорбаң, қорбаң етеді?
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып - ап
Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)
Аю: — Сәлеметсіңдер ме? Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?
— Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?
Ізденуші – ұйымдастырушы
Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.
— Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.
Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.
Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?
— Қонжық саған бөлмең ұнады ма?
2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.
Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден. (үстел)

Мен жәйлімін, жұмсақпын,
Мені табу қиын емес -
Ұнатады әжелер мен сәбилер
Отыруға, жатуға.(Диван)

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді
Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)
— Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба? Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.
Үй жиһаздары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама