Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Үй мәдениеті. Гүл өсіру
Сабақтың Тақырыбы: Үй мәдениеті. Гүл өсіру
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдік туралы білімдерін кеңейту. Өсімдік топтарын, мүшелерін ажырата білуге үйрету.
2. Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту
3. Өсімдіктердің пайдасын біліп, оларды өсіруге, күтіп баптауға, қорғауға тәрбиелеу

Үй мәдениеті
Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді, көріктендіргенді қалайды. Содан біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді қымбат жиһаздарға толтырады. Басқа отбасылар бөлмелерінде темір тор ішінде тотықұстарды ұстауды немесе аквариумдарда алтын түстес, өзге де түр, тұлғадағы балықтарды өсіріп, көбейткенді ұнатады. Тек, солардың қай - қайсы да үй өсімдіктерін өсіруге, онымен бөлмелерді көркейтуге қарсы емес. Бұл қай халықта да қазір үй өсімдіктерін өсірудің тұрмыстық салт - дәстүрге айналғанының жарқын көрінісі болса керек.

Өсімдіктер тарихынан
Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп - жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.
Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір - біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР (суреттері көрсетіледі)
● ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
● ДАЛА ӨСІМДІКТЕРІ
● БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІ

Бөлме өсімдіктерін күту:
Суару;
Топырағын қопсыту;
Жапырағы мен сабағының шаңын сүрту;
Топырақ қоспаларын сұрыптау;
Қоректендіру.

Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру керек.

Өсімдіктерді тұнған сумен суарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін топырақты таяқшамен қопсытады. Қопсытқанда таяқша өсімдіктің тамырын зақымдамайтын болсын.
Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек.

Ірі өсімдіктерді аздаған сабын араластырған жылы сумен жуады.
Ұсақ өсімдіктерді қол жуғышқа не шылапшынға қойып, үстінен су құйғышпен шашыратып жуады.

Өсімдіктер тұрған бөлмені үнемі желдетіп отыру керек. Қыста өсімдіктерді неғұрлым жылырақ орынға көшірген жөн.
Суаратын мезгілді қалай білуге болады?
Бұл оп - оңай. Гүл салынған қыш құмыраны сыртынан шерткен кезде, сыңғырлаған ашық үн шықса, онда топырақ құрғақ, суару керек деген сөз. Егер көмескілеу дыбыс шықса, онда топырақ дымқыл, суарудың керегі жоқ.

Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс: Тақырыпты түсініп оқу.
Интерактивті тақтадан өсімдіктердің мүшелерін көрсету, көріп көз жеткізу.
Сұрақтар мен тапсырмалар
I - қатар: Өсімдіктерді неге тірі ағза дейміз?
II - қатар: Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктерін, бір - бірімен салыстыру.
III - қатар: Мәтін мазмұны бойынша өсімдіктің тұқымынан өсуін баяндау.

Дәптермен жұмыс.
Ойлан, есіңе түсір.
I - қатар: Өсімдік тіршілігіне қажетті заттарды топтастыру.
II - қатар: Семантикалық карта.
III - қатар: Өсімдік топтарын топтастыру.

Өсімдіктерге қажетті заттар.
Сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту
Сабақты қорытындылау:

Тест жұмысы.
1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) бірнеше
2. Ағаштар тобына жататын өсімдікті белгіле.
А) Емен В) Түймедағы. С) Қарақат. Д) Селеу.
3. Шөптесін өсімдіктерінің бойы қандай болады?
А) Ұзын В) Қысқа С) Аласа Д) Биік
4. Бұта тобына жататын өсімдікті белгіле.
А) Таңқурай В) Қайың С) Бақбақ Д) Бидай
5. Бұталардың ағашқа қарағанда қандай мүшесі жоқ?
А) Гүлі В) Жапырағы С) Тамыры Д) Діңі.

Не білдік? Не үйрендік?
Оқушыларды бағалау: «Күлше нан»
Өте жақсы -«5» деген баға
Жақсы — «4» деген баға
Әліде оқу керек - «3» деген баға

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама