Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің  алдын-алу жолдары.
Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын - алу жолдары.

Әрбір мұғалім өзі сабақ беретін оқушының білімді болғанын қалайды. Білім негізінің бастауышта қаланатынын ескерсек, бастауыш сынып мұғалімдерінің жан - жақты білікті ұстаз болуы шартты екені түсінікті. Бастауыш сынып оқушылары әлі ойын баласы екені белгілі. Сондықтан оларды жалықпайтындай етіп жұмыс жүргізу керек. Бұл сабақты үнемі бір қалыпты емес, әр түрлі бағытта түрлендіріп отыруды қажет етеді. Ең негізгісі баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Бала әр сабаққа белсене қатысып, өз бетінше іздене білуге үйренуі керек. Сонда ғана алған білім нәтижелі болары анық.

Оқытудың негізгі түрі болып сабақ есептеледі. Ал сабақтың құрылымы толық сақталып, кезеңдері жүйелі байланысып жатса, онда сабақ өз мақсатына жетті деген сөз. Сабақтың әрбір кезеңінің атқаратын ролі ерекше. Үй тапсырмасы мен сынып жұмысының арасында байланыс болғаны жөн. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама