Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Ұйқының жайлы болуына ықпал ететін 5 өсімдік

Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, көңіл-күйімізді көтеріп, отырған ортада жақсы атмосфера  қалыптастырады. Олардың кейбірі тыныштандыра алатын қасиетке ие және ұйқының сапасын арттыра алады.

Bilim-all.kz ұйқының жайлы болуына ықпал ететін 5 өсімдіктің тізімін жасады.

Пальма (Areca)

Бұл өсімдік ауаны токсиндер мен көмірқышқыл газынан тазартады. Сонымен қатар ауаға ылғал таратады, бұл әсіресе бөлме жылыту құралдары қосылған кезде өте қажет. Бөлменің ауасы құрғақ кезде таптырмайтын өсімдік.

 

Алоэ (Vera)

Бұл өсімдік емдік қасиеттерінен өзге, ауа құрамындағы формальдегид пен басқа да зиянды заттарды азайтады. Түнгі уақытта оттегі бөледі, әдетте өзге өсімдіктерге мұндай қасиет тән емес. Бұдан басқа, алоэ бөлетін фитоцидтер ағзаға жақсы әсер етеді және иммунитетті көтереді.

 

Фикус (Benjamina)

Ауа тазарту жағынан алдыңғы қатарда тұратын өсімдік. Ауаны сапасыз синтетикалық жабындылардан, линолеум мен ДСП-дан бөлінетін бензол, аммиак, толуол мен басқа да зиянды қоспалардан 70%-ға дейін тазартады.Ол осы қоспаларды қайта өңдейді, сонымен қатар микробтардың жартысын жояды. Ұйқыға жақсы әсер етеді және де жатын бөлмеде әдемі көрінеді.

 

Сансевиерия (Trifasciata)

Бұл өсімдік тыныс алу жүйесі мен иммунитетке жақсы әсер етеді. Егер үйде осы өсімдік тұратын болса, онда үйдегі адамдар ауа-райының өзгеруі салдарынан бас ауру және қысымның кенет өзгеруімен сирек ауыратын болады. Түнде, ұйықтап жатқан кезде, ол да оттегі бөледі және ауаны жағымды салқын етеді.

 

Қырыққұлақ (Boston)

Қырыққұлақтың пайдалы қасиеттері – оның құнды химиялық құрамында. Өсімдік эфир майларына, флавонидтерге және басқа да заттектерге бай. Сол себепті бұл өсімдік жүйке жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді, стресске төтеп беруге көмектеседі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама