Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
"Балдырған" балалар бөбек бақшасының тәрбиешісі
Кошкинбаева Гульнар Олжабайқызы

ашық оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы топ 09. 12. 15ж.
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Көркем әдебиет, Қ. М. Т. Қ.
Тақырыбы: Орыс халық «Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану.
Мақсаты: 1. Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу.
2. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
3. Аңдардың мінез - құлқына баға беру арқылы жұмбақтарды шеше білу. Достаса білуге, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Әдіc-тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, ТРИЗ.
Көрнекіліктер: кейіпкерлердің суреттері, пішіндер.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға,
Сәлем дейміз құстарға,
Сәлем дейміз қонақтарға,
Сәлем дейміз апайға.
- Үлкенге де «Сіз»,
- Кішіге де «Сіз»,
- Баршаңызды құрметтеп,
- Бас иеміз «Біз»!

- Тосын сый:
(Есік тақылдатып, ойыншық қоян келеді)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Мен сұр қоянмын.
- Мен қайда келдім?
- Сен «Болашақ» тобына қонаққа келдің.
- Сен қай ертегіден келдің?
- Мен «Бауырсақ», «Қоянның үйшігі», «Үйшік» ертегісінен келдім.
Жақсы балалар, мен барып тонымды ауыстырып келейін.
(Топқа қоян секіріп кіреді)
Балалар, бүгін бізге қонаққа не келіпті?

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама