Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ұзақ мерзімді жоспар. Проценттерге есептер шығару
Ұзақ мерзімді жоспар 5 сынып
Сабақтың тақырыбы Проценттерге есептер шығару
Оқу мақсаттары Процент(пайыз) ұғымын меңгеру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: пайыздың анықтамасын біледі. Бұрынғы алған білімдерін (ондық бөлшектерді бөлу, көбейту, қосу, азайту) қолдана алады.
Басым көпшілігі: пайыздың анықтамасын, ережелерді пайдаланып есептер шығарады.
Кейбір оқушылар: пайызға берілген логикалық мәтінді есептерді шығара алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар: пайызды оқи алады. ережелерді түсіндіре алады. есептерді талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады, қорытынды жасайды.
Құндылықтарға баулу Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.
Пәнаралық
Байланыстар Оқушылар пайызды түсініп, экономикада, халық шаруашылығында қолдана алады.
АКТ қолдану
Дағдылары интер белсенді тақта.

Сабақ барысы
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Біз оқушы баламыз,
Пайызды біліп аламыз.
Көбейту, қосу, азайту,
Есепті тезден шығарып,
Жақсы баға аламыз!
Сәттілік, сәттілік, сәттілік!!!
1. Оқушыларды 3 топқа біріктіру (санақ арқылы)
2. Үй тапсырмасы: №1684, 1685 есеп тақтаға 2 оқушы шығарады. (дұрыс орындалса 2 ұпай, жартылай дұрыс 1 ұпай, қате болса 0,)
3. «Миға шабуыл» сұрақ - жауап
1. Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 натурал сандарына көбейту ережесін айтыңыз?
2. Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 натурал сандарына бөлу ережесін айтыңыз?
3. 100% тың мағынасын түсіндіріңіз?
4. Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін қандай амал қолданамыз?
5. Процентпен берілген санды ондық бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін қандай амал қолданамыз?
Сұраққа дұрыс толық жауап бере аламын - 2ұпай,
Жартылай жауап беремін - 1ұпай.
Білмеймін - 0ұпай.

Сабақтың ортасы
Бүгінгі сабақ «Кім жылдам» математикалық ойын ретінде өтеді.
1. 1 - кезең: Топтарға тапсырма:
Майдаланған 10, 20, 50 теңгелік тиын ақшаларды жалпы әр топта 100 теңге болатындай етіп бөлінеді. Тапсырма:
1 - топ: 10 теңге 100 теңгенің қанша пайызын құрайды?
2 - топ: 20 теңгенің 100 теңгенің қанша пайызын құрайды?
3 - топ: 50теңге 100 теңгенің қанша пайызын құрайды?
2. Топтардың пікірлерін тыңдау. (топтар бірін - бірі «от шашу»арқылы бағалайды)

Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернаты
Мұғалімнің аты-жөні: Мұқамет Жазиман

Ұзақ мерзімді жоспар. Проценттерге есептер шығару жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама