Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Үздік ұстаз  - 2016
Құрметті сайт қолданушылары!
Білімділер порталы 2015 - 2016 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырғалы отыр.
Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау болып табылады.
Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қатыстырылады. Егер, бұрын енгізген ашық сабағыңыз болса, жұмыс үлгіге сай құрылған болса, қатыстыруға болады. Жаңадан жұмыс жіберуге де болады.

Бәйгенің шарты: Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір ғана сабақ жіберуге құқылы. Бәйгеге қатысу құны 3000 теңге. Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі!

Бәйгенің ережесі:
Сабақ жоспары екі беттен кем болмауы қажет. Тақырыбыңызды толық ашуға тырысыңыз, ойын элементтерін, сөзжұмбақ, мақал - мәтел, болса құба - құп. Слайды болуы міндетті емес. Кембридж тәсіліндегі қысқа мерзімді жоспарлар жарамайды!
Жұмыс Word - та сауатты теріліп. 14 шрифтте болуы керек. Сабақ үлгіге сай болуын қадағалаңыз!

Сабақ үлгісі: Жүктеу

Сабақ жоспарын bilimdiler@yandex. ru почтасына жіберу қажет (ворд нұсқасын прикрепить етіп).
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгідегідей аты-жөніңізді, сабағыңыздың тақырыбын толық жазып бізге жіберіңіз! Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі.

Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Төле би кенті, №70 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Қатысатын категория: бастауыш сынып
1.Жазбаша қосу және азайту

Бәйгенің бағалануы: Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз балын қояды және оған дауыс беру балы қосылып нәтиже шығады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы өзі анықтап, жасақтайды. Біз, портал тарапынан бәйгенің мейлінше ашық және әділ өтуіне атсалысамыз. Сонымен іске сәт ұстаздар!

Барлық қатысушылар - сертификатпен және сайт атынан алғыс хатпен марапатталады. Үздіктер - дипломмен, сертификат және алғыс хатпен марапатталады. Ең үздіктері - ақшалай сыйлық алады. Барлық орын алған ұстаздардың бәйге соңында суреттері сайтқа жарияланады.
Бәйге өткізілетін уақыты 10. 02. 2016 – 31. 04. 2016, сайт арқылы дауыс беру 01. 05. 2016 – 14. 05. 2016 аралығында.
Бәйге қорытындысы және үздіктерді анықтау 15 - 20 мамыр аралығында белгілі болады.

Берілетін орындар әр категорияда 7 орыннан (әр номинация бойынша)
Бас бәйге: 1 орын
Бірінші орын: 1 орын
Екінші орын: 2 орын
Үшінші орын: 3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсендігіне тікелей байланысты болады және орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.

Бәйге төмендегі пәндер бойынша үздіктерді анықтайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
5. Физика пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика пәнінің үздік ұстазы
7. Химия пәнінің үздік ұстазы
8. Биология пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих пәнінің үздік ұстазы
10. География пәнінің үздік ұстазы
11. Технология пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша үздік тәрбиешісі
16. Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама