Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Үздік ұстаз» сайысы 2016-2017
Білімділер порталы 2016 - 2017 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырады.

Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау.
Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қатыстырылады. Егер, бұрын енгізген ашық сабағыңыз болса, жұмыс үлгіге сай құрылған болса, қатыстыруға болады. Жаңадан жұмыс жіберуге де болады.

Бәйгенің шарты: Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір ғана сабақ жіберуге құқылы.
Бәйгеге қатысу құны 2000 теңге.

Бәйгенің ережесі:
Материал көлемі 2 - 3 беттен асуы шарт, Word - та сауатты теріліп, 12 шрифтте болуы керек Сабақтың тақырыбы толық ашылуы керек, ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал – мәтелдермен болса құба - құп. Слайды болуы міндетті емес.
Сабақ үлгіге сай болуын қадағалаңыз!

Сабақ жоспарын bilimdiler@yandex. ru почтасына жіберу қажет (ворд нұсқасын прикрепить етіп).
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгідегідей аты - жөніңізді, сабағыңыздың тақырыбын толық жазып бізге жіберіңіз! Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі.

Үлгі: Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Төле би кенті, №70 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
1. Жазбаша қосу және азайту

Бәйгенің бағалануы: Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз балын қояды және оған дауыс беру балы қосылып нәтиже шығады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы өзі анықтап, жасақтайды. Біз, портал тарапынан бәйгенің мейлінше ашық және әділ өтуіне атсалысамыз. Сонымен іске сәт ұстаздар!

Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі және сыйақы тағайындалатын болады.
Бәйге сабақ қабылдау 20 қазаннан 15 сәуірге дейін жалғасады.
Бәйге қорытындысы және үздіктерді анықтау 15 сәуірден 1 мамырға дейін белгілі болады.

Берілетін орындар әр категорияда 9 орыннан (әр номинация бойынша)
Бірінші орын: 3 орын
Екінші орын: 3 орын
Үшінші орын: 3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсендігіне тікелей байланысты болады және орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.

Бәйге төмендегі пәндер бойынша үздіктерді анықтайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
5. Физика пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика пәнінің үздік ұстазы
7. Химия пәнінің үздік ұстазы
8. Биология пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих пәнінің үздік ұстазы
10. География пәнінің үздік ұстазы
11. Технология пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша үздік тәрбиешісі
16. Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама