Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Білімділік мақсаты: Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі - миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивті тақта
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс - тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ
1. Интерактивті тақтаға көңіл бөлу. өлшем бірліктерін қайталау.
№1 Берілген түзулерді сызғыштың көмегімен өлшейік. АВ, КЕ ОМ түзулерінің ұзындықтарын анықтайық.
Оны анықтау үшін сантиметрге қарағанда біршама кіші ұзындық – миллиметрді пайдаланамыз.
1 см=10 мм
Сызғыштарда әрбір 1 см арасы тең 10 бөлікке бөлінген. Сол бөліктердің әрбіреуі 1 мм болады.

2. №2. Әр қатар бір - бірімен жарысады. Әр қатардағы оқушылар берілген тиісті фигуралардың ұзындықтарын анықтап, әріптермен белгілеп, периметрін табу керек.
3. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.
Есіңе сақта! Дәптеріңе жазып ал.
1 см =10 мм
1 м = 1000 мм
1 м = 10 дм
1 м = 100 см
1 дм = 10 см
1 км = 1000 км
4. Өз беттерімен жұмыс істейді. Бір - бірінің дәптерін тексереді.

№3 Жазуды жалғастыр:
А) 1 сантиметрде …. миллиметр бар; ә) 1 дециметрде … сантиметр бар; б) 1 метрде … дециметр бар; в) 1 метрде … сантиметр бар; г) 1 дециметрде …. миллиметр бар; е) 1 метрде …. миллиметр бар; ж) 1 километрде … метр бар.

5. І топ №5, ал ІІ топ №6 орындайды.
№ 5 Шағала - 2000 м
Бүркіт одан 100 м артық, тырна олардан 1000 м кем.
Шешуі: 2000+(2000+100)- 1000=3100
Жауабы: 3100 м биіктікке ұшады.
3100 м =3 км 100м

6. 3 қатарға бөлініп жарыс ұйымдастыру. «Кім тез» ойыны.
№ 8
136*3
136*30
136*300
588: 4
5880: 40
58800: 400
207*2
207*20
207*200
Кестедегі мәліметтерді километр мен метр арқылы өрнекте.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама