Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
В дыбысы және әрпі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 3 сынып
Мақсаты а) Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.
ә) Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
б) Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері 1. В - дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау арқылы оқушылардың білімін жетілдіру;
2. Оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
3. Өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау;
Күтілетін нәтиже Оқушылар «В в» дыбысы мен әрпін танып, оның сөз ішіндегі ерекшелігін толық меңгереді.
В – дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасай біледі, жазады, түсінеді, оқиды.

Жұптық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым - қатынас орнайды, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады.
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: Оқулық, таратпа материалдар, тірек - сызбалар, интерактивті тақта, стикер, бағалау тақтасы, слайдтар
Әдіс - тәсілдер: Жұптық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау
Сабақтың барысы Үй тапсырмасын тексеру
/2 - минут/
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою

Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру:
/2 - минут/
Психологиялық дайындық:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау
/5 - минут/
«Бағдаршам» әдісі
Сәлемдесу; Түгендеу; Жұпқа бөлу; Алтын ережені еске салу
Жағымды психологиялық ахуал туғызу;
Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
— Жарайсыңдар, балалар, олай болса сабағымызды бастайық
— Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
— В қандай дыбыс
— В әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
— В әрпіне байланысты сөздер айтқызу.
— Біз қандай әріптерді білеміз? «Сиқырлы» сандығымыздан алып көрейік. (сандықшаның ішінен
әріптерді кезекпен алып шығамын).

Оқушылар әр кезеңде бағдаршам арқылы өз пікірлерін білдіріп отырады.
Қызыл және сары түсті көтерген оқушыға тағы бағыт - бағдар беріп, түсіндіріп жіберемін.

Пән мұғалімі: Индира Танабаева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама