Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
В в дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі
 Мақсаты:
1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,
Балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.
3. Шыдамдылыққа, ептілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, ертегі ретінде.
Көрнекілігі: В дыбысының баспа және жазба түрі, әріп кассасы, әріптер,
суреттер, ертегіге қатысты суреттер
 Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн, қайырлы!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің айларын ата.
- Бір аптада неше күн бар, бүгін қай күн?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Дыбысты – естиміз, әріпті – жазамыз, көреміз, оқимыз.
 Сабақты ертегі ретінде өткізу.
- Балалар мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
- Шалқан ертегісін кім айтып береді?
- Ендеше біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер олардың тапсырмаларын орындауларың керек.
Атаның тапсырмасы. Өткенді қайталау.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
- Һ
- Һ дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Һ дыбысы кездесетін сөз айтамыз
- Жиһаз, айдаһар, қаһарман (буынға бөлу)
- Һ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Мына буындардан сөз құрап оқыңдар.
А – на, та, ға, ю, сық.
Ба – ла, ға, тыр, уыр, лық.
- Сендер атаның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
- Ендеше көмекке кімді шақырамыз?
 Әженің тапсырмасы. Жұмбақтар шешу:
Темір тайым,
Тебінсем тоқтамайды.
Мінсем дайын,
Тамақты еш жоқтамайды. (велосипед)
Үй ішінде бөлме,
Бөлме іші көлде.
Түрлі ұсақ балық,
Жүзді сайран салып. (аквариум)
Велосипед, аквариум сөздерін буынға бөлу.
- Балалар мынау ненің суреті?
- Ваза, вагон буынға бөлу
- Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
- В дыбысы – дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз. (тақтаға В дыбысының көрнекілігін ілу)
- Баспа түрі қай жерде кездеседі? Ал жазба ше?
- В дыбысы 3 элементтен тұрады. В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Немересінің тапсырмасы.
- Вагон, вокзал сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Сергіту сәті.
 Ұзын құлақ сұл қоян...
Иттің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс.
Балаларға оқулықтағы сөздерді оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамыз.
- Кәне балалар В әрпін бірінші ауада жазып көрейік.
 - Ал енді дәптерімізге жазамыз. (дәптермен жұмыс ережерін айту)
Мысықтың тапсырмасы.
 Мына суреттерге сөйлем құрау. (ваза, аквариум, велосипед)
Тышқанның тапсырмасы. Ойын: Балапандарды ұясына апару.
В дыбысы қандай дыбыс?
Вокзал сөзін буынға бөл.
Вагон сөзіне сөйлем құра.
В әрпін тақтаға жаз.
Қорытынды.
- Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?
- В дыбысы (кассадағы әріптерді оқытқызу)
 - Балалар сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер, олар сендерге рахмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшалар таратуды тапсырды.

Толық нұсқасын жүктеп алу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама