Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы
Конспект
Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді. 1853 жылы Орынбор генерал - губернаторы В. А. Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Орыс əскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашылды. 1853 жылы Ұлы жүз приставы майор М. Д. Перемышельский отряды Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы көктемде М. Д. Перемышельский отряды Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле отрядының 470 əскері əкелінді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы келіп қоныстанды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.
Верный бекінісі Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық - саяси ықпалын жүргізетін басты тірекке айналды.
1855 жылғы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан және Воронежден келген қоныстанушылар көбейді. 1857 жылы тұңғыш су диірмені салынып, ал 1858 жылы сыра зауыты іске қосылды. Белгілі ғалым - саяхатшылар П. П. Семенов - Тяньшанский, Н. М. Пржевальский, И. А. Северцев, XІX ғасырдың 60 жылдары Ш. Уəлиханов Верныйда болған. Верный бекінісінің салынуы 19 ғасырдың 50 жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.
Конспект сұрақтар
1. 1854 жылы іргесі қаланған Верный бекінісі кейін қалай аталды?
2. Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға қай жылы ауыстырылды?
3. 1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс:
4. Таушүбек бекінісі алынған уақыт:
5. Қай жылы Верный бекінісіне Сібірден 400 отбасы қоныс аударды:
6. 1854 жылы Верный бекінісіне Іле отрядының қанша солдаты мен офицері келіп қоныстанды:
7. Қай жылы қырғыздың бұғы руы Патша үкіметінің билігін мойындады:
8. Қай жылы Верныйдағы алғашқы су диірмені салынды:
9. Қай жылы Верный бекінісінің негізі қаланды:
10. 1855 жылы Сібірден келген 400 отбасы қай жерде тұрды:
11. Вали Ахун Юлдашев қай уездің ауқатты ұйғыр көпесі болған:
Тақырыптың тесті

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама