Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Windows объектілері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Windows объектілері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: компьютер - 16+1, ActivStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, Activote, Activhub, бейнепроектор
Пәнаралық байланыс: шет тілі, сызу
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау сұрақтары
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар
• Монитор, жүйелік блок, пернетақта
• Ақпаратты енгізу - шығару құрылғыларын атаңдар
• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар
• Мониторлардың түрлерін атаңдар
• Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Windows - тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
Windows — бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі - бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows'98 ортасының ерекшеліктері:
- пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
- көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
- жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
- бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
- көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
- графикалық режімді басым қолдану;
- жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас құралдары;
- мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
- "Plug and Play" технологиясы (қосатын құрылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WINDOWS - тің объектілері – терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т. б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық – белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Қапшық – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл объектілер қоймасы.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір - біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы – бұл кранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Пуск» батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пункттен тұрады:
1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15 - тен аспайтын тізімі
3. Баптау
4. Іздеу
5. Анықтама
6. Орындау
7. Жұмысты аяқтау

Тапсырма №1
.....
Жасырылған сөздер:
Тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив,
жад, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем,
интернет, байт, антивирус.
Тапсырма №2Берілген сызбадан артық терминдерді табу
.....
Тапсырма №3 СинКаз бағдарламасы арқылы 2 модуль бойынша тапсырмалар орындау.
.......

Сабақты бекіту сұрақтары:
• WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
• WINDOWS ОЖ қандай объектілер бар?
• Терезе дегеніміз не, қандай түрлері бар?
• Тышқанның атқаратын қызметі қандай?
• Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
• Жұмыс столының атқаратын қызметі
• Шартбелгі дегеніміз не?
• Жарлық дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау. Activote құрылғысымен интерактивті тақтада тест тапсыру
Оқушыларды бағалау
Activote құрылғысымен алынған тест қорытындысын талдап, мақтау қағазымен марапаттау.

Үйге тапсырма: Оқулықтан §3. 1, 3. 2 тақырыптарды оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама