Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Word Pad мәтіндік редакторы
Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы.
Сабақтың түрі: Қайталау және аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ойын түрінде.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Компьютерлер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

Сабақ жоспары:
1. «Жорға» ойыны /Үй тапсырмасын тексеру/
2. «Білгенге маржан» /Жаңа сабақ түсіндіру/
3. «Кім жылдам» ойыны /Бекіту кезеңі/
4. «Жалғасын тап» ойыны
5. «Ұйқасын тап» ойыны
6. «Ұшқыр ойлы оқушы» ойыны
7. «Үйге тапсырмасы».
Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.

1. «Жорға» ойынында оқушылардан өткен тақырыптар бойынша сұрақ - жауап ретінде үй тапсырмасын тексеремін.
1. Информатика пәні нені оқытады?
2. Ақпарат дегеніміз не? Оны қайдан аламыз?
3. ОЖ дегеніміз не?
4. Файл дегеніміз не? Оны қалай жасаймыз?
5. Қапшық, файлды жою және қалпына келтіру?
6. Жойылған файлда қайда сақталады?
7. Терезе дегеніміз не? Оған сипаттама.
8. Paint графиктік редакторы қандай программалар қатарына жатады? Терезесіне сипаттама бер.
9. Paint графиктік редакторын іске қалай қосамыз?
10. Экрандағы суретті тазалау командасы?
11. Суретті бұру, еңкейту тәсілі?
12. Фондық және негізгі түсті қалай таңдаймыз?
13. Әрекеттен қайту командасы?
14. Paint графиктік редакторын іске қалай қосамыз?
15. Сурет үзіндісімен қандай әрекеттер жасауға болады?

2. «Білгенге маржан». Бұл бөлімде Word Pad мәтіндік редакторына тоқталып, жаңа сабақ түсіндіріледі. Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға болады. Мәтінге графикалық кескіндер, дыбыс үзінділерін қоюға болады. Бұл программа да стандартты программалар қатарына жатады. Іске қосу үшін «Пуск» - «Все программы» - «Стандартные» - «Word Pad».

3. «Кім жылдам?» ойыны. /Бекіту кезеңі/ Бұл бөлімде тақтада тест тапсырмалары берілген. Бұл батырмалар қазір мәтін теру үшін қажет. Берген жауаптарың дұрысын көрсетуі керек.
Жаңа жолға өту батырмасы /Enter/
Біріңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма /Caps Look/
Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек? /Shift/
Мәтіндегі символды басынан өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап. /Delete/
Мәтіндегі символды соңынан өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап. /BS/.

4. «Жалғасын тап!» ойыны. Мұнда тақтада аяқталмаған мақал - мәтелдер беріледі, оқушы жалғасын тауып компьютерге жазады.
1. Білекті бірді жығар -..............
2............., ана көрген.......... пішер.
3. Білгенге маржан,.......... арзан.
4.. Ауырып ем іздегенше,..............
5. Нан........ атасы.

5. «Ұйқасын тап» ойыны. Мұнда оқушы қалауы бойынша өздері бір шумақ өлең құрастырып жазады, болмаса жатқа білетін өлеңдерін компьютерге теріп жазады.
6. Ұшқыр ойлы оқушы» ойыны. Тақтада берілген сурет бойынша қазіргі проблемалық жағдайларды қоса отырып әңгіме құрап жазу.
7. «Үйге тапсырмасы». 5. 1 тақырып Аналар мерекесіне «Анамызға мың алғыс!» атты шығарма, өлең жазу, эссе жазу.
8. Сөзжұмбақ шешу.
9. Ребус шешу
10. Бағалау. Мұғалім оқушыларды смайликтермен бағалайды, оқушыларда сабақты смайликтермен бағалайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама