Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Каюпова Раушан

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:WORDPAD мәтіндік редакторында мәтінмен жұмыс жасауға
дағдыландыру, құжаттарды құруға, сақтауға, ашуға үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Компьютерде жұмыс істеу іскерлігін дамыту
Тәрбиелік:Оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу және
ұқыптылыққа, тазалыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютерде практикалық
жұмыс;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта,
таратпа қағаздар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу әдебі: оқушылармен амандасу;
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау: журнал бойынша түгелдеу;
ІІ. Өткен материалды еске түсіру
Үй жұмысын сұрау
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
2. WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?
3. Құрал-саймандар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
4. Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата?
5. Файл мәзірінде қандай мәзірлер орналасқан?
6. Терезенің тақырып жолында не бейнеленеді?
7. WordPad редакторында мәтінді бас әріптермен теру үшін қай пернені қолданады?
8. WordPad редакторында меңзердің сол жағындағы символарды өшіру қай перне қолданылады?
9. WordPad редакторы терезесінде қалып-күй қатары қайда орналасқан?
10. Мәтінді беттің ортасы бойынша жазу үшін қай батырманы қолданамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ
Wordpad-та құжат құру
Wordpad құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
Қаріп және оның өлшемін таңдау
Мәтінді енгізу және редакциялау
Мәтінді пішімдеу
Құжатты сақтау және ашу
Құжаттарды сақтау және ашу:
WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз
Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз

IV. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама