Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Х дыбысы мен әрпі
Сабақ тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Х дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерді дұрыс оқуға сауатты жазуға үйрету.
Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, іздемпаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту
Кітапты күтіп ұстауға, жануарларды қорғауға, Отанын сүюге тәрбиелеу
Түрі. Саяхат сабақ
әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, жеке, талдау.
Көрнекілігі. Интер белсенді тақта, суреттер, әріптер
Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Психологиялық жаттығу.
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, Көк аспан,
Амансың ба, Достарым
Сендерді көрсем қуанам!
1 желтоқсан ҚР президент күнін айтып өту.
Бүгінгі сабағымыз «Саяхат сабақ» Саяхатқа Астана қаласындағы ірі - ірі ғимараттарға жасаймыз. Ол үшін алдымен өзіміздің темір жол вокзалына барып билет алып, поезға отырамыз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беру керек Поездан қала аралау үшін түсіп автобусқа отырамыз

ІІІ. «Ой қозғау» Өткен білімді еске түсіру:
• Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
• Ю дыбысы қандай дыбыс? Мысалдар айту, буынға бөлу
• Сөздерді, мәтінді тізбектеп оқу
• Жаттауды сұрау

ІҮ. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу аяз
Терме диктант
Ана, ою, қағаз, аю, жарыс, сүю.
Жарыс мәтінін мәнерлеп оқыту. Ойын « Аңдар аттарын жазу»
жарыс
Екі топ осы тапсырмаларды орындасақ Астана символы «Бәйтерекке» жетеміз
«Бәйтерек « биіктігі 97 - 98 метр
Сергіту сәті
Кі - кі - кі
Бұраңдайды түлкі
Ү. Жаңа сабақ
Тақтадан халат, хоккей, шахмат, хат суреттерін көрсету, атату; бұл сөздерде біз естімеген қандай дыбыс бар? - Х х дыбысы суретін ілу
Сабақ мақсатын хабарлау
ҮІ. Кітаппен жұмыс
Х дыбысын оқушыларға айтқызу.
Сөздерді оқу оқушылар қайталап, айту, мағынасын ашу
Президент резиденциясына келу президент сөзі:
«Қазақстанның болашағы - бүгінгі жас ұрпақ» мағынасын ашу
ҮІІ. Дәптермен жұмыс Х әрпін жазу сауатты, көркем жазу.
Дарынды баламен жұмыс
Хан шатыры мен Думанға келдік
Мәтінмен жұмыс «Кітапханашы» мәтінін оқу мазмұнын түсіндіру
Кітапханашы Ботагөз апайға сөз беру
Мешіт, циркке келу
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір
1 2 3 Отыр орныңа тез!
Сөздерді оқу
Емхана, шеберхана, ұстахана, асхана, дәмхана, дәріхана; Хамит, Хадиша, Нұрхат.
Слайд Сәйкестендіру
Мегаға келу
Демалу хат жазу Аяз атаға
ҮІІІ. Қорытынды
• сұрақтар қою
• Ойын «Адасқан буындар»
- Біз манадан бері қаншама жұмыстар жасадық бұның бәрін бір сөзбен не дейміз
- еңбек
Ендеше бүгінгі сабағымызды
Өрнек өрсең терлеп
Мұның аты.......
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты......
Қиындықтың бәрін
............. қана жеңбек өлеңімен аяқтаймыз.
Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама