Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Х, Һ дыбыстары
Сабақтың тақырыбы: Х, Һ дыбыстары
Жалпы мақсаты: дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кіргенін, ал һ дауыссыз дыбыс кейбір шығыс сөзінде қолданатынын түсінеді.
Сілтеме: Оқулық авторлары Балтабаева. Ж. Қ, М. Қ Солтанғазина, Ф. С Лекерова
Әдістемелік құрал
Күтілетін нәтиже: Х, Һ дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кіргенін, ал һ дауыссыз дыбыс кейбір шығыс сөзінде қолданатынын түсінді, білді,
Негізгі идеялар: Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар: А3 форматты қағаздар, маркерлер, өздік жұмыс дәптері, стикерлер, жұмыс дәптерлері, дид. материал т. б.

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу ( 3 мин) Сыныпты топқа бөлу.
Санамақ байланысты топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту (7 мин) Ой шақыру «Ой қозғау» тәсілін пайдалану.
Оқушылардан х, һ дыбыстары туралы не білетіндерін сұрау; х, һ дыбыстарын айтып үйрену.

ІІІ. Мағынаны тану
(20 мин) 1. Тақырыпқа кіріспе.
Сөздік диктант.
Хабар, қаһарман, халық, жауһар, гауһар, тарих, хайуанат, емхана, жиһаз.
Х дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?
- Хабар, халық, тарих, хайуанат, емхана сөздерінде.
Һ дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?
- Жиһаз, қаһарман, жауһар, гауһар сөздерінде.
Х, һ қандай дыбыстар?
- Х, һ – қатаң дауыссыз дыбыстар.
Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.
Х, һ дыбыстары сөздің қай буындарында кездесіп тұр
2. Топтық жұмыс.
Бірінші топ:. 1 - жаттығуда берілген сөздер оқытылып, сөздік жұмыс жүргізіледі. Содан соң сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрап жазады.
Екінші топ: 2 - жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі қарама - қарсы мағынадағы сөздерді табу. Өлеңнің мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті
3 - жаттығу. Мәтін оқытылады, мазмұнын сұрау. Һ, х әрпі кездесетін сөйлемдерді көшіріп жазу. Кесене, археолог сөздеріне түсінік беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама