Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Халықаралық шекара әндері
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық шекара әндері
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Шекара әндерін орындау шеберлігін арттыру

Жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдық аясында ұйымдастырылып отырған «Халықаралық шекара әндері» атты патриоттық ән байқауына қош келдіңіздер!
Батыс, шығыс, оңтүстік, терістігім,
Шар қойнаулы шекарам келісті мың,
Мерейлі мақтанышым – бақ - беделім,
Құрлық, су, жер қойнау мен кеңістігім!
Нәр алған жер жәннаты жеті тіннен,
Айтамын ел туралы бек ұтыммен,
Қазақстан шекарасы – алып қорған,
Халықаралық шарттармен бекітілген
Арқа сүйер ардағы дүйім елдің,
Жырлауға өзің жайлы жиі келдім,
Анықталды Қазақстан шекарасы,
Осыдан 75 жыл бұрын елдің!
Дербестігім еліме көрік берді,
Аймағыңды тануға ерік берді,
Елімнің шекарасы елдікпенен
Тәуелсіздік әнімен әдіптелді

Жүргізуші:
Бүгінгі «Халықаралық шекара әндері» патриоттық байқауына қатысушы жарыскерлердің өнерін бағалап, сарапқа салатын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек:
-----------------------
Сарыарқам - орталығым, құмдай берен,
Қарқаралы, Ұлытау деп шыңдай берем,
Сары құба, сары бел сол елімді,
Жырлап келдік.., жырладым.., жырлай берем!..
------------------------ «Сарыарқа» әнімен, қабыл алыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама