Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Халықтың рухани мұрасы- даналық көзі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халықтың рухани мұрасындағы даналықтың маңызын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Түгендеу
Оқушылармен амандасу, өзін - өзі тану сабағының «5 - Т» ережесін қайталау. Топқа бөлу (әр топтағы конфеттердің түсіне байланысты топқа бөлу көк, сары, жасыл түстер)
Тыныштық сәті
2. Үй тапсырмасын тексеру
Ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздерін жазып, мағынасын түсіндіру.
7 мин
3. Дәйексөз.
Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі –
заттық нәрсе емес, рухани дүние. (Платон).
  • Ұлдарға хормен оқыту
  • Қыздарға хормен оқыту
  • Хормен оқыту
  • Дәптерлеріңе жазып алыңдар
  • Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
  • Оқушылардың жауабы негізінде қорытынды жасау
4 мин
4. Әңгімелеу. Мәтінмен жұмыс.
«Әке өсиеті» Б. Момышұлы
  • Әкенің баласының кемшілігін құлағына сыбырлап айтуының сыры неде?
  • Баланы үлкендердің ұялтпай, қолпаштауының себебін түсіңдіріңдер?
  • Өз үйлеріңде аталарың, әкелерің сендерге қандай өсиет әңгіме айтып отырады?
Бейнежазба «Бәрі өз қолыңда»
1. Бейне жазбадан не түсіндіңдер?
2. Шәкірттің жасаған іс - әрекеті дұрыс болды ма?
3. Ұстаздың бойынан қандай қасиеттерді көре алдық?
12 мин
 5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс
1 - топ. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» тақырыбына эссе жазыңдар.
2 - топ. «Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі» тақырыбына өлең құрастыру.
3 - топ. «Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі» тақырыбына сурет салу.
10 мин
6. Топпен ән айту
Жақсы адамдар (Жұматай Оспанұлы)
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар
Жақсы адамға қосылмас басқа балдар
Табаныңның астымда жатар әлі,
Пенделіктен өресі аспағандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені әппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін кетсін көре алмас патшағарлар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас пәтшағарлар.
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа жандар.
3 мин
7. Үй тапсырмасы.
Наурыз мәтінін оқып келу.
2 мин
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
- Балалар, Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
2 мин

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама