Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Хайуанаттар бағына саяхат
Дүниетану 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Хайуанаттар бағына саяхат».
Сабақтың мақсаты.
Білімділік мақсаты: оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, тапқырлыққа, танымдық қабілетін арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: жануарларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жануарлар бейнеленген суреттер, слайд, саяхат сызбасы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Жаңа технология: СТО стратегиялары «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Пирамида».
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Пәнаралық байланыс: экология, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг.
- Балалар, мен бір хат алдым. Сол хатты сендерге оқып бергім келіп тұр.
Х А Т.
«Құрметті екінші сынып оқушылары! Біз сіздерді жасыл үйге қонаққа шақырамыз. Мұнда көптеген қызықтар бар.»
- Қалай ойлайсыңдар? Хаттың иелерін біз білеміз бе?
Оқушылар жауабы тыңдалды (жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар).
Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы «Хайуанаттар бағына саяхат» деп аталады. Бұл хайуанаттар бағы Орал қаласында орналасқан. Оған жету үшін қандай көлікті таңдағанымыз дұрыс?
Автобус (тақтада автобус суреті шығарылады).
Неліктен?
Дұрыс. Жеңіл көлікке бәріміз сыймас едік. Автобуста бәрімізге орын жеткілікті.
Жүргізушінің тапсырмасы.
Автобусқа мініп жолға шығу үшін жүргізушінің мынадай тапсырмасын орындау керек. Мына суреттегі жануарларды топқа бөліп топтастырайық.

Топтастыру.
Жануарлар

жорғалаушылар
сүтқоректілер
қосмекенділер
құстар
жәндіктер
балықтар
Қазақстанда сүтқоректілердің - 155, құстардың – 480, бауырымен жорғалаушылардың - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 150 түрі бар.
Бұл топтардың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Айырмашылығы:
Құстар ұшады. Жорғалаушылар бауырымен жорғалайды. Сүтқоректілер балаларын сүтімен асырайды. Қосмекенділер құрлықта да, суда да тіршілік етеді.

БҚО, Ақжайық ауданы, Первомай ауылы,
Бітік орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының
бастауыш сынып мұғалімі Кабуловна Жанаргул

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама