Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Хайуанаттар бағында
4 - сынып
Тақырыбы: Хайуанаттар бағында
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға хайуанаттар бағы, ондағы аңдар туралы түсінік бере отырып, оларды осы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту
Сабақ типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер, қосымша оқулық, саяхат картасы

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Хәлдерің қалай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Бүгін қай жыл мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Сәуірдің нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?

1. 3. – Балалар, біз бүгін сабағымызда «Хайуанаттар бағына» саяхат жасаймыз. Ол үшін мына кедергілерден сәтті өтуіміз керек Саяхат картасына сүйене отырып түсіндіру.(Біз бірінші хайуанаттар бағына бару үшін кассадан билет сатып алуымыз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындасақ, бізге билет береді)

2. Фонетикалық жаттығу:
Тығылып қалған..... - ты,
Жақсы оқушы қорғайды.
1. Суреттің атын атау, сөздерді шығару.
2. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Қазақ дыбыстарын табу, айту, қайталау.
4. Мысалдар келтіру. Сұрақ: «Қ» мен «ғ» дыбыстарына қандай сөздер білесіңдер?
- Жақсы балалар, енді аялдама барайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап, жолдан өтуіміз керек.

3. Лексикалық жаттығу (көрнекілікпен жұмыс):
Ескерту: слайдта сиыр, қоян, піл, күшіктің суреттері болады.
1. Мынау не?
2. Ол қандай?
3. Ол қандай жануар?
4. Ол қайда мекендейді?
5. Оның төлі не?
6. Саған ол ұнай ма?

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Аңдар мен үй жануарларын қайталау ретінде «Жануарлар» ойыны.
Тәртібі: көрсетілген аңдар міне жануарлардың мағынасын оқушылар ым –ишара, дыбыспен жеткізу керек.

ІІІ Сергіту сәті: «Шөп – шөп шөжелерім»
IV Жаңа сабақ:- Балалар енді 55 - автобусқа отырып, көпірден өтуіміз керек. Ол үшін бүгін сендермен өтетін жаңа тақырыптың атауын мына суреттердің бірінші әріптерінен құраймыз. Слайдтан суреттер көрсетіледі. Яғни, тақырыбымыздың аты «Хайуанаттар бағында».
4. 1. Сөздік жұмысы:
Керік - жираф
Кірпі – ежик
Маймыл - обезьяна
1. Мағынасын түсіндіру.
2. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлемдер құрау.
5. Оқушылар дәптерлеріне жазады.

4. 2. – Міне, балалар, біз сендермен хайуанаттар бағына сәтті жеттік. Олай болса, хайуанаттар бағын аралайық. Слайдта: «Хайуанаттар бағында» бейнетаспасы көрсетіледі.
1. Балалар, бейнетаспадан не көрдіңдер?
2. Хайуанаттар бағында нелер бар?
4. 3. Сөйлесу:
- Мынау не?
- Бұл – хайуанаттар бағы.
- Хайуанаттар бағында не бар?
- Хайуанаттар бағында жолбарыс, арыстан, маймыл, түлкі, аю, қасқыр, қоян, керік бар.
- Сен хайуанаттар бағына қашан бардың?
- Мен хайуанаттар бағына сенбі күні бардым.
Істелетін жұмыс реті:
1. Өзім оқимын.
2. Оқушылар рөлдеп оқиды.
3. Мағынасы түсініксіз сөздерді түсіндіремін.
4. Аудару.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс:
3 – тапсырмадағы аңдарды ата. Сөздермен сөз тіркестерін құра.
3 – тапсырмадағы аңдар бойынша сөйлемдер құра.

3 – тапсырмадағы аңдар бойынша “Хайуанаттар бағында” атты диалог
құра.
4. 5. Сөзжұмбақты шеш!

V Бекіту:
1. Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?
2. Онда нелер бар?
3. Аңдар қандай?
4. Сендерге хайуанаттар бағы ұнады ма?

VI Үй тапсырмасын беру:
1. Жаңа сөздерді жатта.
2. с. 120, з. 2 (привести примеры)
VII Бағалау
VIII Қорытындылау:
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама