Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Хлордың периодтық жүйедегі орны. Хлордың алынуы мен қолданылуы
«Досан негізгі орта мектебі» МКМ
Химия пәні мұғалімі: Нарзанова Жансая

Қысқа мерзімді жоспар
Химия 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Хлордың периодтық жүйедегі орны. Хлордың алынуы мен қолданылуы.
Жалпы мақсаты: Хлордың периодтық жүйедегі орнын, қасиеттерін, табиғатта таралуы мен алыну жолдарын түсіну
Оқытудың нәтижелері: Хлорға периодтық жүйе бойынша сипаттама бере алады, табиғатта таралуы мен алыну жолдарын түсінеді, физикалық және химиялық қасиеттерін біледі
Пайдаланылған дереккөздер:
8 сынып химия пәні оқулығы, интернет сайттары, «Химия мектепте» журналы, «Химик анықтамалығы»
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, «Ой қозғау», сұрақ - жауап, иллюстрациялық, ынталандыру

Ұйымдастыру
1. Сыныпта жайлы орта құру:
Бір шумақ өлең арқылы көңіл күйлерін реттеу, сәттілік тілеу
Кіріспе
2. «Ой қозғау»
2. 1. Элементтер арқылы топқа бөлу
Өтілген материалдар бойынша үй тапсырмасын тексеруге сұрақтар беріледі.
2. 2. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мақал - мәтелдер ұсынылады.
Доссыз өмір... ас;
Ас атасы...;
Ішің күйсе... жала

Білу
3.«Бәйге» жаңа сабақтың тақырыбымен байланысты топтарға сұрақтар беру, оқушыларға ой салу №1 карточкаХлорға периодтық жүйе бойынша сипаттама (периоды, тобы, қатары, Аr, рет нөмірі, металл ма бейметаллма? №2 карточка Хлордың ядро заряды, атом құрысы. Энергетикалық деңгейлерде таралуы? Валенттігі.
№3 карточка. Хлордың электрондық кофигурациясы. Жоғарғы оксидінің формуласы. Графиктік құрылымы. №4 карточка. Хлордың тотығу дәрежесі
Түсіну
4. Жаңа сабақ 4. 1. Мұғалім хлордың химиялық қасиетімен алынуын оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіреді.
4. 1. Бейнебаян арқылы хлордың алынуын көрсетеді

Қолдану
5. Оқушыларға хлордың химиялық қасиетімен алынуына байланысты реакция теңдеулерімен есептер ұсынады.
Топ мүшелері бірлесіп жұмыс жасауын қадағалап, тақтаға орындатады.

Зерттеу
6. Иллюстрациялық әдіс:
Мұғалім топтарға суретті деректер таратып жаңа тақырып бойынша тақырыпшаларды бөліп береді.
1 - топқа «Хлордың атом құрылысы периодтық жүйедегі орны.»
2 - топқа «Физикалық қасиеті»
3 - топқа «Табиғатта таралуы.»
4 - топқа «Қолданылуы»

Қорытындылау
7. «Көңілді эстафета»
Жаңа сабаққа байланысты ойын сәті
8. Бағалау
әр кезеңдер бойынша
Үйге тапсырма:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама