Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан
Жалпы мақсаты: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан курсы бойынша өткенді жинақтау.
Негізгі идеялар: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру, ой - өрісін дамыту.

Міндеттері:
Блум таксономиясы бойынша
1. Білу
2. Түсіну
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау 1. Жылнамалар шежіресін біледі, есте сақтайды.
2. Тарихи тұлғалар өмірі мен қызметін түсінеді.
3 Тарихи деректерді қолданады.
4. Оқиғаларға талдау жасайды, салыстырады.
5. Тарихи оқиғаларды жинақтап, тұжырымдайды.
6. Оқиғаны бағалайды, өз пікірін ұсынады.
Іс - әрекет түрлері Жеке жұмыс Топпен жұмыс Диалогтық, топпен әңгімелесу
Бір - бірін бағалау және өзін - өзі бағалау
Пайдаланылған құралдар: электронды оқулық, интерактивті тақта, портреттер, карталар, маркерлер, стикерлер, түрлі түсті қағаз, кітаптар, «Ұлан» газеті
Мұғалім немен айналысады?

І кезең Ұйымдастыру
«Кіру билеті» арқылы топқа бөлінуді ұсынады
«Елім - ай» әнін тыңдату
Электронды оқулық
10 сынып, 9 - 10 анимация
Билет түсіне қарай үш топқа бөлінеді.
- Топ ережелерін еске түсіреді.
Оқушылар әнге байланысты өз ойларын айтады.
- Тарихи оқиғалар туралы бейнебаянды көреді.

ІІ кезең Өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар беру.
Ой қозғау. Тарих жайлы сенің ойың қандай?

І тапсырма. Сандар сыр шертеді. хронологиямен жұмыс
ІІ тапсырма Тарихи тұлғалар
- Тақтадағы портреттер бойынша тарихи тұлғалар туралы қосымша мәліметтер айтады.
Оқушылар бір - бірінің жұмысын бағалайды.
2 жұлдыз, 1 тілек
Топты ауыстыру. Кіру билеттерінің артындағы жазылған атаулар бойынша өз орындарын ауыстырады.
- Сергіту сәті: «Көк Тудың желбірегені» әні орындалады. бейне жазба көрсетіліп тұрады.
Сергіту сәті. Ордабасы тауында қазақ жүздерінің бір тудың астында біріккен еді. Осы бірліктің, өрліктің жалғасы бүгінгі күні де жалғасып біз де бір ту астында бейбіт өмір кешудеміз.

ІІІ тапсырма. Картамен жұмыс. Карта қиындаларын таратылады

- Картаны құрастырып, сол бейнеленген оқиға туралы түсіндіреді.

Венн диаграммасы ХУІІІ ғасырдағы қозғалыстарды салыстырады, қорытынды жасайды.

ІҮ тапсырма Тарихи құжат беттерінен.
- Оқушылар тарихи деректердің қайсы кезең екендігі туралы тауып, қысқаша көрініс көрсетеді.
Миға шабуыл Тест сұрақтары.
- Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын шешеді
Электронды оқулық 10 - сынып, № 2 интерактивті тапсырманы орындайды.

Қорыту. Ой қозғау. Елі сүйген Елбасы - Абылай хан мен Н. Назарбаев туралы өз ойларымен бөліседі.
Бағалау Бағалау өлшемдері арқылы бағалау жүргізу. Бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.
Рефлексия. Кері байланыс
Бүгінгі сабақта мен үшін не қиын болды? Неге?
Бұл қиындықты ненің көмегімен жеңдім?

Үйге берілетін тапсырма: «Қазақ елі – батырлар елі» тақырыбында тарихи шығарма жазу. «Көшпенділер» фильмін көру, шығарманы оқу.
Бағалау парағы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама