Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы,М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Өзін - өзі тану және биология пәнінің екінші санатты мұғалімі
Абилова Динара Қасқарбекқызы
“ХХІ ғасыр көшбасшысы”
“Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - Білім”
(М. Әуезов)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дарынды оқушыларды табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге баулу.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: қазақтың салт - дәстүрін құрметтеуге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың кезеңдері:
1. “Бәйге”
2. “Полиглот”
3. “Бәрін білгім келеді” ойыны
4. “Бинго”
5. “Проблемалық сұрақтар”
6. “Тапқырлық сайысы”
7. Қорытынды.

“Бәйге”
Ең үлкен сүтқоректі?
Ағаштың діңіне тасқа жабысып өсетін қына?
Сүліктен бөлінетін зат?
Алкоголде өте жылдам еритін зат.
Тері ауруларын зерттейтін ғылым.
Ең тез, жылдам өсетін өсімдік қалай аталады?
Мәдени өсімдіктерді зерттеген орыс ғалымы?
Құрттарды зерттейтін ғылым қалай аталады?
Астың қорытылуын жылдамдататын зат.
Қандағы қанттың мөлшерін реттеп отыратын гормон.
Ми бөліктерін ата?
Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер.

Энцефалит ауруының қоздырғышы, таратушы
Қан алушы адам
Мешел ауруының пайда болу себебі?
Заттардың ыдырауы
Адамда неше ұлпа бар?
Әке - шешесі туыс адамдарда қандай ауру пайда болады?
Алыптық ауруының болуы қай безге байланысты?
Жануарлардың мінез - қылығын зерттейтін ғылым
Омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады?
Жасушаның құрамында қандай кернеулі заттар бар?
Қызыл түсті қан клеткасы
Өсімдікке жасыл түс беретін пигмент
Заттың түсін ажырата алмайтын ауру
1 секундта 500 рет қанат қағатын жәндік
Ең үлкен құс
Тұрақты қан қысымы қанша?
Қарында астың қорытылуын зерттеген ғалым кім?

ІІ кезең “Полиглот”
“Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой”
1. Қорада малың болсын, көшеде... болсын. (Талың, дерево, tree)
2. Біреуге мал қайғы, біреуге... қайғы. (Жан, душа, soul)
3. “Мектеп кеме, білім...”( Теңіз, море, sea)

1. Құлан құдыққа құласа, құлағында... ойнайды. (Құрбақа, жаба, frog)
2. Бабалар еккен шынарды... саялар. (Бабалары, дети, children)
3. Қыз өссе елдің көркі,... Өссе жердің көркі. (Гүл, цветок, flower)

1. Адам көркі шүберек, ағаш көркі... (Жапырақ, лист, foliage)
2. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш... болмас. (Орман, лес, forest)
3. Мақтаның анасы жер, атасы -...( Су, вода, water)

Ойын Бәрін білгім келеді
Қанның қызметі
Қан қандай қызмет атқарады?
*а) энергия көзі, қорға жиналады
б) қозғалыс
в) гуморальдық, тасымалдау
Қанның оттекті ұлпаға, ал көмірқышқыл газын өкпеге жеткізу қызметі
а) қорғаныштық
б) тасымалдау
в) гуморальдық
Қан дененің тұрақты температурасын сақтайды
а) гуморальдық
б) қорғаныштық
в) терморегуляторлық
Қанның құрамы неден тұрады?
а) белоктан
б) плазмадан
в) фибриннен
Ересек адамда шамамен қанша литр қан болады?
а) 5 литр
б) 3 литр
в) 6 литр
Қан плазмасының 90% неден тұрады?
А) белок
Б) су
в) минералды заттар
"Эритроцит"
Қанның қызыл түйіршіктері -...
а) лейкоцит
б) эритроцит
в) тромбоцит
Қанға қызыл түс беретін эритроцит құрамындағы нәруыз
А) гемоглобин
б) Миозин
в) фермент
1 мм3 қанда қанша эритроцит болады?
А) 3 - 3, 5 млн.
Б) 4, 5 - 5 млн.
В) 5 - 6 млн.
Тромбоцит
а) оттек тасымалдау
б) бөгде заттарды жою
в) қанның ұюына қатысады
Қан пластинкалары немесе
А) тромбоцит
Б) лейкоцит
В) эритроцит
Қан ұйымайтын тұқым қуалайтын ауру
А) анемия
Б) лейкомия
В) гемофилия
Лейкоцит
Ядросы бар белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары
а) лейкоцит
б) эритроцит
в) тромбоцит
Лейкоцит қай жерде бұзылады?
А) көк бауырда
Б) сүйек кемігінде
В) лимфада
Лейкоциттің қызметі
а) оттегіні тасымалдау
б) қанның ұюына қатысу
в) бөгде денелерді жояды
Бинго
Қазақстанда «Қызыл кітаптың» бірінші басылымы қай жылы жарық көрді? (1978 жылы)
Ламинария балдыры қанша метр тереңдікте өседі? (20 - 30 м)
Зеравшан аршасы неше жылда жеміс береді? (50 жылда)
Ұлудың қанша түрі бар (130 мың)
Адамның бүйрегінің салмағы қанша? (150 гр)
Закавказь елінде пісіп жетілген мандарин ағашы 1 жылда қанша жеміс береді? (3000 дана)
Хемосинтез үдерісін ашқан микробиолог (С. Н. Виноградский)
Адам демалуға болатын оттегі қанша пайыз? (21%)
Мидың орташа салмағы қаншаға тең? (1300 - 1400гр)
Адам сыртқы ортада болып жатқан көріністің қанша пайызын көзбен қабылдайды? (80 - 90%)
Жүрек минутына неше рет соғуы қажет? (60 - 70 рет)
Ортан жілік тік бағытта тұрғанда қанша т көтереді? (1, 5 т)
Адам жүрегінің массасы қанша? (300 г)
Адамда қанша сүйек болады (220 сүйек)

Проблемалық сұрақтар
Жайлауға бара жатқанда біз үлкен кедергіге тап болдық, арбамыздың дөңгелегі сынды. Оны жөндеуіміз қажет. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

Құндыз
1. Орманшы құндыздардың тіршілігіне бақылау жүргізе отырып, олардың күдікті дыбыс шығысымен жағалауды тастай сала, суға сүңгіп кететінін аңғарды. Ол өзінің жалпақ, жалаңаш құйрығымен суды қатты шолпылдатып та үлгіреді. Құндыздардың мінез - құлқындағы ерекшелікті қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: бұл әрекеттерімен құндыз басқаларын қауіп - қатерден сақтандырады.

Жарқанаттар
2. Жарқанаттар – негізінен түн жәндіктері. Қараңғыда ұшқанда және қорек ұстағанда қолданылатын сезім мүшелерін атаңдар.
Жауабы: Жарқанаттар қараңғыда эхолокацияны қолданып, дыбыс мүшелерінің көмегімен бағдарлайды. Олар жиілігі жоғары дыбыс жібереді де, затқа тиіп кері қайтқан дыбысты мүшелері арқылы ұстайды.

Иттер
3. Ыстық күндері иттер неге тілін салақтатып жүреді?
Жауабы: Итте тер бездері өте аз, сондықтан денесін салқындату үшін ыстық күндері ит тілін салақтатып жүреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама