Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары (10 сынып)
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар
§ 2. 6. Атом құрылысы ілімі тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
§ 2. 7. Периодтық заңының және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы.
§ 2. 8. Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері.
§2. 9. Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі.
§ 2. 10. Элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.
Қорытындылау.


Білімділік мақсаты: оқушылардың периодтық заң, периодтық жүйе, ХЭПЖ құрылысын аша білу, атом құрылысымен байланысты жаңа анықтамасын бере білу туралы алған білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: атомның электрондық формуласын жазып, толтыра білу, сөздік қорын молайту, қорытындылай білу, көңіл аудару, есте сақтау білік - ағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ өткізілу түрі: фронталды әңгімелесу, қорытынды жасау, жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10 - ЕТЖ - 1,

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:

Білімділік міндеттері:
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

2. Оқыту проблемалары:
Атом құрылысы ілімі тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

3. Білімді жаңғырту. (Актуализация)
1. ПЗ ашылуы қандай болжауларға мүмкіндік берді?
2. Триада және октава заңын салыстырыңдар.
3. Д. И. Менделеевтің қандай еңбектері бар?
4. ПЖ құрылысы қандай?
5. Атом неден тұрады?
6. Паули принципін айтыңдар.
7. Энергетикалық деңгейлердің толтырылу тәртібін түсіндіріңдер.
8. Периодтық заңның жаңа анықтамасы.

4. ТМ - 3 бойынша бірнеше оқушы жұмыс істейді (нашар үлгеретіндер кітап көмегімен жұмыс істейді)

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың өтілген материалды қабылдау, есте сақтауын қамтамасыз ету;
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер, заңдар, ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек ету;
- оқушылардың оқу материалын өз әдіс - тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Оқу
1. Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу – параграф 2. 6 оқу ( 69 - 70)
2. Фронтальды әңгімелесу. Сұрақтар:
1. Мына ашылған жаңалықтар нені дәлелдеді? Радиоактивтілік (Беккерель, 1896), сәулелердің табиғатын ашты (Резерфорд, 1899 - 1903), атомның ядросын анықтады (Резерфорд, 1909 - 1911), электронның зарядын анықтады (Милликен, 1909). Атом құрылысының күрделілігін анықтап, Резерфордқа атом құрылысының планетарлық моделін жасауға мүмкіндік берді.
2. Атом құрылысының планетарлық моделінің мәні.
Бұл модельдің мәні – атомның неден тұратынын көрсетті. Химиялық элементтің реттік нөмірінің физикалық мәні неде?
3. Атом құрылысының протондық - нейтрондық теориясы:
Изотоптар, ядролық күштер, ядролық реакциялар

Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі.
Рефлексия кезеңі:

§2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10 жүктеу

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама